К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет62/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Сперматозоид мойны — центросома органелласының туындысы. Ол
центросоманың 
алдыңғы
(проксимальды) 
жəне
артқы

(дистальды)


центриольдерінен, олардың аралығындағы центродесмоздан құралған. 


21 — сурет. Сперматозоидтың құрылысы. I — сперматозоидтың басы, II — 

сперматозоидтың мойны, III — сперматозоидтың құйрыгы 
1 — акросома, 2 — ядро, 3 — проксимальды центриоль, 4 — дистальды центриоль, 5 


г спиральды жіп (митохондриялар), 6 — біліктік жіп.
Ұрықтану процесі кезінде проксимальды центриоль сперматозоид 

басымен бірге жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына еніп, зиготаның




69
митоз арқылы бөлшектенуін қамтамасыз етеді. Жұмыртқа жасушасында 


митозды бөлінуді іс жузіне асыратын центросома органелласы болмайды.


Дисталды центриоль өз кезегінде алдынғы жəне артқы бөліктерден тұрады. 
Алдыңғы бөліктен сперматозоид құйрығының негізін құрап, оның
қозғалысын іс жүзіне асыратын, құйрықтың біліктік (осьтік) жібі басталады. 
Дистальды центриольдің артқы бөлігінің пішіні сақина тəрізді болып келеді.
Ол біліктік жіп бойымен артқа қарай жылжып, сперматозоид құйрығының 
бастапқы жəне негізгі бөліктері шекарасында орналасып, оларды бір-бірінен
бөліп тұрады. 


Сперматозоид құйрығы үш бөлікке бөлінеді. Олар: бастапқы (аралық),
негізгі жəне соңғы бөліктер. Құйрықтың негізін біліктік жіп (аксонема) 
құрайды. Ол дистальды центриольдің алдыңғы бөлігінен басталады. Біліктік
жіптің құрылысы кірпікшелер аксонемасына ұқсас, яғни ол тубулин жəне 
динеин белоктарынан құралған. Аксонеманы шеңбер бойымен орналасқан
тоғыз жұп шеткі микротүтікшелер мен шеңбердің орталығында жатқан екі 
микротүтікшелер құрайды. Көп жануарларда шеткі түтікшелер орталық
түтікшелермен қосымша 9 жеке дара жіпшелермен байланысқан. Аксонема 
толқынды жəне иілмелі қозғалып, аталық жыныс жасушасының қимыл
аппаратының қызмеұлпа атқарады. 
Сперматозоид құйрығының бастапқы (аралық) бөлігі дистальды
ценриольдің алдыңғы жəне артқы бөліктері аралығында орналасқан. 
Бастапқы
бөлік

сыртынан


плазмолеммамен 
қапталған.
Оның

цитоплазмасындағы митохондриялар бір-бірімен байланысып, бастапқы


бөліктің қақ ортасымен өтеұлпа біліктік жіпті сыртынаң айнала орап, 
спиральды жіпті түзеді. Демек, спиральды жіп — митохондрия
органеллалары. Олардың сукцинатдегидрогеназа жəне аденозинүшфосфатаза 
ферменттері цитоплазмадағы гликоген түйіршіктері мен фосфолипид
тамшыларын ыдыратып, сперматозоидтың қозғалысына керекті энергиямен 
қамтамасыз етеді.
Сперматозоид құйрығының негізгі бөлігі плазмолеммамен қапталған 
жұқа цитоплазма қабаты мен біліктік жіптен тұрады. Ал оның соңғы бөлігі
тек плазмолемма мен біліктік жіптеи құралған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет