Эмбриондық дамудың негізгі кезеңдері (эмбриогенез)
Ұрықтану жəне оның биологаялық маңызы. Ұрықтану — аталық
жəне аналық жыныс жасушаларының (сперматозоидтар мен овоциттер)
қосылып, бір жасушалы жаңа организм — зиготаның түзілу процесі. Ол —
эмбриондық дамудың бірінші кезеңі. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы —
зиготада хромосомалардың саны екі еселенеді де, диплоидты жиынтыққа
ауысады. Демек, ДНК -ның массасы да екі еселеніп (жартысы — аналық, ал
жартысы — аталық жыныс жасушаларынан) көбейеді, оның зат алмасу
белсенділігі артады. Ұрықтану күрделі биологиялық процесс. Ол түрлі
жануарларда əр түрлі жүреді. Суда тіршілік етеұлпа жануарларға сыртқы
ұрықтану тəн.
24 — сурет. Ұрықтану процесі
1 — овоцит цитоплазмасы, 2 — овоцит ядросы, 3 - мөлдір қабык, 4 - фолликул
эпителиоциттері, 5 - сперматозоидтың басы, 6 - сперматозоид мойны, 7 - сперматозоид
құйрығы, 8 — қабылдағыш төмпешік, 9 - ұрықтану қабығы, 10 - аналық пронуклеус, 11; -
аталық пронуклеус, 12 - - центриольдер арасындағы ұршық, 13 — синкарион (Елисеев
бойынша).
Олар жыныс жасушаларын сулы отраға шығарып, ұрықтану сол сулы
ортада жүреді. Ал кұрлықта тіршілік етеұлпа жануарларға ішкі ұрықтану тəн.
Ұрықтану — ұрғышы жануарлардың жұмыртқа жолында жүреді. Күйге
келген ұрғышы жануар еркек жануармен шағылысқан соң, ұрғышы
74
жануарлардң
жыныс
жолына
(қынапқа
немесе
жатырға)
түскен
сперматозоидтар, өздерінің қимыл аппарата — құйрықтарының толқынды
қозғалысы жəне жыныс жолдары қабырғаларының жиырылуы, хемотаксис
пен реотаксистің арқасында жұмыртқа жолының жоғарғы 1/3 бөлігіне 5 – 9
сағатта жетеді. Осы кезде ұрғышы жануар жұмыртқалығынан жарылу
(овуляция) арқылы шыққан жұмыртқа жасушасы жұмыртқа жолы
құйғышына фолликул сұйығымен бірге құйылып, сперматозоидтармен
жоғарыда айталған жұмыртқа жолы бөлігінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |