Ішкі мүшелер жүйелері көкірек-құрсақ дене қуысында орналасады.
Құстарда
көкірек
жəне
құрсақ
қуыстарын
бөлетін
көкет
нашар
жетілгеңдіктен, олар бір-бірінен толық бөлінбеген. Сондықтан, оларды
біріктіріп атайды.
218 – сурет. Тауықтың дене куысы құрсақ жағынан ашып көрсетілген.
1 – кеңірдек, 2 – өңеш, 3 – жемсау, 4 – қалқанша без, 5 – сайрағыш көмекей, 6 –
бауыр, 7 – ашы ішек, 8 – он екі елі ішек, 9 – ұйқы безі, 10 – күретамыр, 11 – алдыңғы куыс
вена, 12 – иық–бас артериясы, 13 – жүрек, 14 – қарынның етті бөлемі, 15 – бүйен, 16 –
клоака.
Ac қорыту жүйесінің бас бөлімінде тіс, қызыл иек, ерін, ұрт, жұмсақ
тандай болмайды. Өңештің көкірек қуысына кіреберіс бөлігінде жемсау
(ingluvies) болады. Оның қуысында қатты дəндер уақытша сақталып, жемсау
бездері сөліне бөгіп жібиді. Құстың қарны екі: безді жəне етті бөлімнен
тұрады. Қарынның безді болімі қабырғасында асқорыту сөлін бөлетін
бездер болады. Қарынның етті бөлімінде безді қарын сөлі сіңген азық
механикалық жəне химиялық өңдеулерден өтіп, қорытыла бастайды.
Орталық бөлім мүшелері жануарлар мүшелеріне ұқсас. Артқы бөлімде тоқ
ішек болмайды, оның есесіне екі бүйен болады. Тік ішек клоаканың алдыңғы
бөлігіне ашылады.
Тыныс алу мүшелері. Құс мұрын қуысының əр болігінде үштен
кеуілжір болады. Көмекей қабырғасының шеміршектік негізін үш шеміршек:
екі ожауша жəне бір сақинаша шеміршек құрайды. Кеңірдектің екі негізгі
бронхтарға
ажырайтын
айырығында
(бифуркация)
төменгі немесе
сайрағыш көмекей (дыбыс мүшесі) орналасады. Оның қабырғасы сыртқы
жəне ішкі жарғақтардан құралған. Құс өкпесінде тоғыз ауа қапшығы болады.
219- сурет. Құс өкпесіндегі ауа қапшықтары
1 - мойын а.қ.(ауа қапшығы), 2 — бұғанааралык а.қ., 3 — қолтық буылтығы, 4 ~
тоқпан жіліктің ауа жалы, 5 - алдынғы көкірек а.к., 6 - арткы көкірек а.қ, 7 — құрсак а.к..,
8 — негізгі бронх, 9 - екіншілік бронхтарға ашылатын негізгі бронхтар тесіктері, 10 —
өкпе, 11 — құрсақа.қ.-ның эктобронхтары, 12 — құрсақа а.қ-ның қайтарма бронхтары.
506
Достарыңызбен бөлісу: |