К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет601/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   607

Ауа қапшықтары — негізгі бронхтардан өкпенің сыртына қарай 


қабырғасы жұқарып барып шығатын эктобронхтардың жалғасы. Құс
өкпесіндегі ауа қапшықтары: тақ бұғанааралық жəне жұп мойын, 


алдыңғы көкірек, артқы көкірек, құрсақ қапшықтары. Ауа қапшықтары
құстың ұшуы кезінде өкпедегі газ алмасу процесінің екі бағытта да, белсенді 
жүруін қамтамасыз етеді жəне дене қызуының бір деңгейде болуына
ықпалын тигізеді. 


Зөр бөлу мүшелері жұп бүйректен жəне несепағардан тұрады. Үш
бөлікті бүйрек бел-құсақ жəне мықын сүйектерінің төменгі беттеріңдегі 
ойыстарда орналасады. Несепағар бүйректің медиальды бетінен шығып,
клоаканың ортаңғы бөлігіне ашылады. Қуық болмайды. 


Көбею мүшелері. Еркек құстарда жыныс мүшелері жұп еннен, ен 

қосымшасынан жəне шəует жолынан тұрады. Қосалқы жыныс бездері
болмайды. Ен кұрсақ куысынын бел аумағында орналасады. Шəует жолы ен 
қосымшасынан басталып, клоаканың ортаңғы бөлігіне ашылады.
Ұрғашы құстарда тек сол жақтағы жыныс мүшелері жақсы жетілген.
Сол жұмырткалықта жұмыртқа жасушаларының даму процесі жүреді, Сол 
жұмыртқа жолы бес бөлімнен: кұйғыштан, белоктық бөліктен

мойыншықтан, құс жатырынан жəне қынаптан тұрады. Құйғыш

куысында жыныс жасушалары кездесіп, ұрықтану процесі жүреді. Ең ұзын
бөлік — белоктық бөлік. Оның қабырғасындағы бездер жұмыртқаның 
белоктық қабығын (ақуыз) түзеді. Мойыншықта белоктың сыртындағы екі
қабаттан тұратын жұқа қабық пайда болады. Оның қабаттарының 
аралығында, жұмыртқаның доғал ұшында ауалы камера қалады. Құс жатыры
қабырғасындағы бездер тұзды ертінді бөліп, жұмыртқаның ізбест қабығымен 
қапталуын қамтамасыз етеді. Қынапта толық жетілген жұмыртқа уақытша
сақталып, клоака арқылы сыртқа шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет