1. олиголецитті (грек, oligos - аз, lecytos - сарыуыз) овоцит —
сарыуызы аз жұмыртқа жасушасы;
2. мезолецитті (грек, mesos - орташа) овоцит — сарыуызының мөлшері
орташа жұмыртқа жасушасы;
3. полилецитті (грек, poly - көп) овоцит — сарыуызы көп жұмыртқа
жасушасы.
Сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына байланысты
жұмыртқа жасушаларын төмендегідей үш топқа бөледі:
1. изолецитті немесе гомолецитті (грек, isos, homos - бірдей, ұқсас)
овоцит сарыуыз жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында біркелкі
таралған;
2. телолецитті (грек, telos — жиек, соңы) овоцит — сарыуыз жұмыртқа
жасушасы цитоплазмасының тек бір полюсінде ғана жинақталған;
З.центролецитті (грек, centros - орталық, центр) овоцит сарыуыз
жұмыртқа цитоплазмасының орталығында жинақталған.
Олиголецитті жəне изолецитті овоциттер хордалылар типінің тым
қарапайым өкілі қандауырша (ланцетник) мен сүтқореісгілер жұмыртқа
жасушаларына тəн. Қандауырша дернəсілі (личинкасы) ұрықтанған күннен
бастап өз бетімен, ал сүтқоректілер (жұмыртқа салушылардан басқалары)
ұрықтары енесінің организмі арқылы қоректенеді. Аталған жануарлар
овоциттері цитоплазмасында сарыуыз аз мөлшерде қорланады жəне ол
цитоплазмада біркелкі таралып жатады. Мезолецитті жəне телолецитті
овоциттер қосмекенділер мен кейбір балықтар жұмыртқа жасушаларына тəн.
Олардың цитоплазмасында сарыуыз орташа мөлшерде қорланады. Бірақ, ол
жұмыртқа. жасушасы цитоплазмасының төменгі вегетативті полюсінде
жинатталған. Полилецитті жəне телолецитті овоциттер балықтардың