К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет69/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ұрықтану процесі төрт сатыдан өтеді: 1. жыныс жасушаларының
жақындасуы; 2. сперматозоидтың овоцит мөлдір қабығына енуі; 3. 
Сперматозоид басы мен мойнының овоцит цитоплазмасына кіруі; 4. жыныс
жасушалары ядроларының қосылуы. Жыныс жасушаларының жақындасуы 
кезінде сперматозоидтар бастарындағы акросомалар ферменттері (протеаза,
трипсин, гиалуронидаза) овоциттің сəулелі тəжін, яғни сыртқы фоликулалы 
қабығын ерітеді. Сперматозоидтың овоцит мөлдір қабығына жанасу кезінде,
жұмыртқа жасушасында ұрықтану төмпешігі пайда болып, оның мөлдір 
қабығы арқылы сперматозоидтың басы, мойны жəне кұйрығының
бастапқы белігі овоцит цитоплазмасына енеді. Сперматозоидтың овоцит 
цитоплазмасына енуі, жұмыртқа жасушасының зат алмасу процесін
күшейтіп, оның екінші мейоздық бөлінуіне, тезірек пісіп жетілуіне əсерін 
тигізеді.
25 - сурет. Ұрықтану жəне бөлшектену кезендері 
I - овоцит цитоплазмасы, 2 — митоз, 3 — бағыттаушы денешік,
4 - мөлдір қабық, 5 - ұрықтаңу төмпешігі, 6 — сперматозоид, 7 — фолликул 
эпителиоциттері, 8 — аналық пронуклеус, 9 — аталық пронуклеус, 10 — аталық жəне
аналық пронуклеустердің профазасы, II - ұрықтанған жұмыртқа жасушасының анафазасы, 
12 - бөлшектену кезеңі (екі бластомердің пайда болуы), 13 - бластомерлер.
Овоциттің кортикальды аймағындағы дөншелер (гранулалар) мөлдір 

қабықка жанаса жарылып, олардың ішіндегі сұйық зат плазмолеммаға қарай


құйылады да, кортикальды реакция жүреді. Нəтижесінде мөлдір қабық 
овоцит плазмолеммасынан ажырап, сарыуыз сырты (перивителлинді)
кеңістігі пайда болып, сарыуыз қабығы қатаяды да, ұрықтану қабығына 
айналады. Сперматозоид ядросынан аталық тұқым қуалаушылық қасиеттерді
(аталықгеномды) ұрықка береұлпа аталық пронуклеус (ядро алдылық 
құрылым немесе кіші ядро), овоцит ядросынан аналық геномды жеткізеұлпа
аналық пронуклеус түзіледі. Екі пронуклеусте де, хромосомалардың
жартылай (гаплоидты) жиынтығы болады. Олардың əр қыйсысында тек бір 
жыныс
хромосомасы 

болады,
қалғандары 


аутосомалар
(дене

хромосомалары).Аналық


жəне

аталық
пронуклеустердің 


қосылуы
нəтижесінде 
зигота
ядросында 
жануарлардың
түрлеріне 
тəн
хромосомалардың толық (диплоидты) жиынтығы қалпына келеді. Екі

жыныс жасушалары пронуклеустерінің қосылып, бір зигота ядросын түзу


процесін синкарион (карион — ядро, син — қосылу, байланысу) — деп 

75
атайды. Зигота түзілген бойда, бір жасушалы ұрықта зат алмасу процесі 


күшейеді. Сперматозоид мойнымен жұмыртқа жасушасы цитоплазмасына


бірге енген центросоманың белсенді қатысуымен зигота митоз арқылы бөліне 
бастайды да, эмбриогенездің бөлшектену кезеңіне өтеді. Овоциттерде
центросома болмайды. 
Сүтқоректі жануарларда ұрықтың болашақ жынысын сперматозоид
ядросындағы жыныс хромосомасы анықтайды. Овоциттердің ядроларында 
тек X жыныс хромосомасы, ал ұрықтануға қатысатын сперматозоидтар
ядроларының 50% -ында Ү, ал қалған 50% -ында X хромосомалар болады. 
Егер ұрықтану процесі кезінде овоцит пен ядросында Ү хромосомасы бар
сперматозоид қосылатын болса, онда зигота ядросында ХҮ жыныс 
хромосомаларының жиынтығы болады да, еркек жынысты ұрық, ал
ұрықтануға ядросында X жыныс хромосомасы бар сперматозоид қатысса, 
онда зигота ядросында XX жыныс хромосомаларының жиынтығы болып,
ұрғашы жынысты ұрық организмі дамиды. Сүтқоректі жануарларда 
ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасына тек бір ғана сперматозоид енеді де,
ұрықтану қабығы жедел түзіліп, басқа сперматозоидтардын енуіне мүмкіндік 
бермейді. Бұл процесті моноспермия — деп атайды.
Құйрықты қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда 
ұрықтану кезінде ұрықтану қабығы баяу түзіліп, жұмыртқа жасушасына
жүздеген сперматозоидтар енеді. Бұл процесті полиспермия — дейді. 
Бұлардың ішінен ұрықтануға тек бір сперматозоид ғана қатысады.
Қалғандары ыдырап, қоректі заттың қызмеұлпа атқарады. Құстарда, 
керісінше, жұмыртқа жасушалары ядроларыңда не Z жыныс хромосомасы, не
W жыныс хромосомасы, ал барлық сперматозоидтар ядроларында тек Z 
жыныс хромосомалары болады. Демек, бұл жануарларда ұрықтың жынысын
жұмыртқа жасушаларындағы жыныс хромосомалары аныктайды. 
Ұрықтану нəтижесінде аналық жəне аталық геномдар қосылып, белгілі
бір қоршаған ортада дамуға бейімделген жаңа организм пайда болады. Ұрық 
организмі ата-енесінің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ие болғанымен,
онда аталық жəне аналық хромосомалардың өзара əрекеттесуінен ата-енесіне 
ұқсамайтын жаңа қасиеттер пайда болып, жануарлар ұрлақтарында көптүрлі
жаңа генофовдар түзіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет