К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет71/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

бластодерма түбін құрайды. Олардың аралығында бластомерлерден
құралған жиекті аймақ орналасады. 
Қарапайым хордалылар өкілі — қандауыршада (олиголецитті жəне
гомолецитті овоцит) бөлшектену толық, біркелкі, бір мезгілде (синхронды) 
жүреді. Ұрықтың бластодермасы мөлшері біркелкі бластомерлерден
құралады. Оның іші қуыс, пішіні шар тəрізді болғандықтан ұрықты 


целобластула — деп атайды. Қосмекенділер өкілі — бақада (мезолецитті
жəне телолецитті овоцит) бөлшектену толық, əркелкі жəне əр мезгілде 
(асинхронды) жүреді. Нəтижесінде ұрық бластодермасының түбі ірі
бластомерлерден (макромерлер), төбесі ұсақ бластомерлерден (микромерлер) 
құралады. Оның куысы тар жəне бір жаққа ығыса орналасады. Бұлардың
ұрығын амфибластула — деп атайды. Бауырымен жорғалаушыларда, құстар 
мен жұмыртқа салатын сүтқоректілерде (полилецитті жəне телолецитті
овоцит) бөлшектену жартылай, əркелкі, асинхронды, дискоидальды 
(анимальды полюстегі ұрықтың пішіні дискі, табақ тəрізді болып келеді)
түрінде жүреді. Бөлшектену тек зиготаның анимальды полюсінде ғана жүріп, 
пішіні дөңгелек табақка ұқсаған, төменгі жағында куысы бар, көп жасушалы
ұрық — дискобластулаға айналады. Сүтқоректі жануарларда (олиголецитті 
жəне гомолецитті овоцит) болшектену толық, əркелкі, асинхронды жүріп,
пішіні кепіршікке ұқсаған, іші қуыс ұрық стерробластула (бластоциста) 
тузіледі. Көпіршік тəрізді ұрыктын ақшыл ұсақ бластомерлерден куралған
сырткы қабығын — трофобласт, ал ішінде орналасқан ірі күнгірт 
бластомерлерден түзілген бөлігін — эмбриобласт — деп атайды.
Эмбриобласттан ұрықтың денесі мен ұрық қабықтары дамиды. Трофобласт 
эмбриобластты жатыр қабырғасындағы бездер бөлген сөл құрамындағы
қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Полилецитті жəне центролецитті 
овоциттерде (омыртқасыз жануарларда) бөлшектену жартылай жəне беткей
жүріп, жұмыртқа ортасындағы сарыуызды сыртынан қоршай орналасқан 
бластомерлерден қуралған ұрық перибластула тузіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет