К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет95/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бірқабатты эпителий ұлпалары 

Бірқабатты жалпақ эпителий жануарлар организміндегі сірлі
қабықтар мен олардың туындыларын (өкпеқап, жүрекқап, ішперде, плевра, 
шажырқай, шарбы, сірлі байламдар, үңгілер), өкпе көпіршіктерінің
(альвеолаларының) қабырғаларын, ортаңғы құлақ куысын, ен торы 
қабырғасын, бездердің майда ендірме өзектерін, бүйрек денешігі қапшығы
мен нефронның жіңішке бөлігін астарлап, шекаралық шектеу қызметін 
атқарады. Өкпеде газ алмасуға, бүйректе несеп бөлуге қатысады. Сірлі
қабықтағы 
бірқабатты
жалпақ

эпителийді



мезотелий
(мезодерма 
спланхнотомынан дамиды) — деп атайды. Бірқабатты жалпақ эпителий
ұлпасын негіздік жарғақта орналасқан биіктігі енінен əлдеқайда кіші, 
ядролары сопақша жəне жалпақ келген, тым аласа эпителиоциттер құрайды.
Сірлі қабық мезотелиоциттерінің тек ядро орналасқан тұстары ғана сөл 
көтеріңкі келеді. Мезотелийдің астында жұқа борпылдақ дəнекер ұлпасы
болады. Бұларды бір-бірінен негіздік жарғақ бөліп тұрады. Эпителиоциттер 
қабатының зақымдануы көп ядролы тым ірі мезотелиоциттердің (амитоз
арқылы бөлінеді) түзілуіне əсерін тигізеді. Мезотелий көкірек жəне құрсақ 
қуыстарының ішкі бетін астарлап, аталған қуыстардағы ішкі мүшелерді
сыртынан қаптап, олардың аралығындағы сірлі куыстарға сір сұйығын бөлу 
арқылы мүшелердің бір-бірімен өзара жабыспай сырғанай қозғалуын
камтамасыз етеді. 

99
42 — сурет. Бірқабатты жалпақ эпителий (мезотелий). Үстінен қарағандағы 



көрінісі. 
1 — эпителиоцит (мезотелиоцит) ядросы, 2 — цитоплазмасы, 3 — мезотелиоциттер 
аралықтарындағы шекаралар.
Бірқабатты жалпақ эпителий эктодермадан (ортаңғы кұлақ, сілекей 

бездерінің ендірме өзектері), энтодермадан (өкпе альвеолоциттері, ұйқы


безінің ендірме өзектері) жəне мезодермадан (сірлі қабықтар, бүйрек 
нефрондары, денешігінің қапшығы, ен торының қабырғасы) дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет