К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет18/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   607
5. 

Гистологиялық 

препараттарды 

бальзамдау.
Жануарлар 
мүшелерінің,
ұлпадарының, 
жасушаларының
боялған

кесіктерінің


құрылысын олардағы боялған құрылымдардың бояуы мен мөлдірлігін ұзақ 
мерзімге сақтау мақсатында, боялған кесіктерді спирттің көмегімен
сусыздандырып, одан соң ксилол, толуол, бензолдың бірінде немесе кейбір 
мөлдірлендіруші майларда ұстап мөлдірлендіріп, нысаңдық жəне жапқыш
шынылардың арасына канада бальзамына салып кептіреді. Осындай тəсілмен 
дайындалған гистологиялық препараттарды ондаған жылдар бойы сақтап
зерттеуге болады. Препараттарды жедел зерттеу үшін, канада бальзамының 
орнына глицеринді немесе желатинді қолданады.
Электронды микроскопиялық зерттеу. Ультрамикротом арқылы
шыны пышақпен жонып дайындалған тым жұқа кесікшелерді кішкентай 
арнайы ұсақ торларға жабыстырады да, зерттеле
нысанның тым нəзік құрылымдарын (ультрақұрылымдарын) бір-бірінен 
ажыратып анық көру мақсатымен, жұқа кесікшелерді ауыр металл
(уранилацетат, қорғасын, вольфрам, кобальт жəне т.б.) тұздарымен өндеу 
арқылы контрасттайды (қарама-қарсы түстер анық көрінеді). Аталған
тұздардың 
еріұлпаділері
жануарлар 
ұлпаларының
жасушалары 
құрылымдарының табиғатына, яғни олардың химиялық құрамы мен
физикалық қасиеттеріне сəйкес, жасушалардың əр түрлі құрылымдарына 
түрлі деңгейде сіңеді. Өнделген кесікшелерді электронды микроскоппен
қарағанда, препараттың ауыр металл тұздары сіңген бөліктері электрондарды 
ұстап, электронды микрокөріністегі жасуша құрылымдарын бір-бірінен
ажыратып, олардың анық көрінуіне ықпалын тигізеді. 


Цитохимиялық жəне гистохимиялық зерттеулерге гистологиялық 

препараттарды дайындау. Цитохимиялық жəне гистохимиялық зерттеу
əдістерінің көмегімен адам мен жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен 
жасушалары микроқұрылымдарындағы əр түрлі заттарды, атап айтқанда:
белоктарды, липидтерді (майларды), көмірсуларды (углеводтарды), нуклеин 
қышқылдарын (ДНҚ жəне РНҚ), ферменттерді, витаминдерді, түрлі
минералды заттарды анықгауға болады. Цитохимиялық жəне гистохимиялық 

19
зерттеулер үшін, кесекшелер биосынама реұлпаде тірі организмнен немесе 


жаңа сойылған денеден жедел кесіліп алынып, зерттелер мақсаттарына


сəйкес гистологиялық препараттан қандай химиялық құрамды анықтау керек 
екендігіне байланысты мүшелер кесекшелерін өндеудің, яғни бекіту мен
бояудың тəсілдерін тандайды. Цито жəне гистохимиялық зерттеу əдістері 
ұлпалар мен жасушалар құрылымдары құрамындағы зерттелуге тиісті заттар
мен осы заттарды анықтау үшін таңдалынып алынған химиялық 
реактивтердің арасында жүреұлпа арнайы реакцияларға жəне химиялық
реакциялар нəтижесінде түзілген өнімдерді арнайы бояулармен бояп 
ажыратуға негізделген. Мысалы, дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) мен
рибонуклеин 
ҚЬІШКЬІЛЫН
(РНҚ) Фельген жəне Эйнарсон əдістері, гликогенді 
ШИК-реакциясы, тотықгыру ферменттерін нитрокөк тетразолий бояуы
арқылы анықтайды. Жануарлар ұлпалары мен жасушаларың гистохимиялық 
жолмен зерттеудің тазалығын, яғни зерттеу нысанындағы ізденістегі
заттардың бар немесе жоқ екендігін дəл анықтау үшін, сол заттарды 
ыдыратуға қолданылатын ферменттік бақылау əдісін пайдаланады. Мысалы,
жоғарыда айтылған əдіспең өңделген жасушалар құрамындағы РНҚ-ны 
анықтауға галлоцианин бояуын қолданады. Галлоцианин РНҚ-ны көк-көкшіл
түске бояйды. Егер гистологиялық кесіктерді, РНҚ-ны ерітіп жібереұлпа 
рибонуклеаза ферментімен алдын ала өңдеп, одан кейін галлоцианинмен
бояса, онда жасушалар құрамындағы көкшіл түс жоғалып кетеді. Бұл 
құбылыс зертеу нысанындағы жасушалар құрамында РНҚ-ның бар екендігін
көрсетеді. Цитохимиялық жəне гистохимиялық зерттеулерде препараттағы 
заттардың сапалық жəне сандық мөлшерлерін анықтау үшін түрлі əдістер
қолданылады. 
Оларға
морфометрия, 
цитоспектрофотометрия,
цитоспектрофлуорометрия, интерферрометрия əдістері қолданылып, олардан 
алынған сандық (цифрлық) материалдар математикалық төсілдермен
(биометрия) өнделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет