К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет121/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   607
эозинофилді гранулоциттер жəне сегментті ядролы эозинофилді 

гранулоциттер болып үш түрге бөлінеді.

Базофилді 

миелоциттердің
де

даму
сатылары 


эозинофилді
миелоциттерге ұқсас. Тек, бұлардың цитоплазмаларында негіздік бояулармен 

121
көкшіл түске боялатын дəншелер болады. Даму сатыларына байланысты 


базофилді гранулоциттердің: балғын, таяқша ядролы жəне сегментті ядролы


түрлері болады. 


Моноцитопоэз процесінде де, қанның көп мүмкіндікті діңгекті
жасушаларынан көп мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, олардан бір 
мүмкіндікті бастама жасушалар, олардан өз кезегінде монобласттар,
промоноциттер, моноциттер дамиды да, сүйектің қызыл кемігі майыынан 
қанға өтеді. Қан тамырларындағы қанда біраз уақыт болып, одан соң қаннан
ұлпаларға өтеді де, əр түрлі ұлпалардың макрофагтарына айналады. 


Лимфоцитопоэз процесінде қанның көп мүмкіндікті діңгекті
жасушаларынан көп мүмкіндікті жартылай діңгекті жасушалар, олардан бір 
мүмкіндікті
бастама

жасушалар,


бұлардан 
кезегімен
Т
жəне 

В
лимфобласттар, үлкен Т жəне В лимфоциттер, орташа Т жəне В имфоциттер, 


кіші Т жəне В лимфоциттер жетіледі,
Қан табақшаларының даму процесі (тромбоцитопоэз) қанның көп
мүмкіндікті діңгекті жасушаларынан басталады. Олардан көп мүмкіндікті 
жартылай діңгекті жасушалар, бір мүмкіндікті бастама жасушалар, сонан
соң,

мегакариобласттар,


промегакариоциттер, 
мегакариоциттер,
қан

табақшалары (тромбоциттер) дамиды.



Дəнекер ұлпалары 

Дəнекер ұлпалары да жануарлар организмінің ішкі орта ұлпаларына 


жатады. Өз кезегінде дəнекер ұлпалары бірнеше топқа бөлінеді: 1) өзіндік
дəнекер ұлпалары; 2) арнайы қасиеттері бар дəнекер ұлпалары; 3) қаңқа 
дəнекер ұлпалары.
Дəнекер ұлпалары басқа ішкі орта ұлпалары сияқты жасушалардан жəне 
əр түрлі деңгейде жетілген жасушааралық заттан (талшықтардан жəне
аморфты заттардан) тұрады. Дəнекер ұлпаларының қызметтері негізінен 
жасушааралық
заттың

құрылысы


мен

олардың
физико-химиялық 


ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Дəнекер ұлпалары жануарлар
организмдерінде трофикалық (зат алмасу), қорғаныс (фагоцитоз, иммунды 
денелерді түзу), тіректік, механикалық, құрылымдық (мүшелер қапшықтары
мен стромасын түзу), пластикалық (жарақаттан кейінгі қалпына келу — 
регенерация), организм ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау қызметтерін
атқарады. Дəнекер ұлпаларының жіктелуі, оларды құрайтын жасушалар мен 
жасушааралық заттың ара қатынасына жəне жасушааралық заттың
құрамындағы дəнекер ұлпалық талшықтардың орналасу бағыттарына 
негізделген.
Өзіндік немесе талшықты дəнекер ұлпалары жоғарыда келтірілген 
жіктелу белгілеріне сəйкес: борпылдақ жəне тығыз дəнекер ұлпалары болып
екі топқа бөлінеді. Тығыз дəнекер ұлпасы өз кезегінде қалыптасқан жəне 
қалыптаспаған дəнекер ұлпаларына бөлінеді.

122



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет