К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет139/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Туғаннан кейінгі остеогенез — дамып жетіліп қалыптасқан сақа
жануарлар қаңқа сүйектерінің сынғаннан кейін немесе жарылғаннан соң,
сүйекқап остеобласттарының қатысуымен қалпына келу процесі. 

136



Дəнекер ұлпалары бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Дəнекер ұлпаларының жалпы сипаттамасын беріп, олардың шығу тегін еске 


түсіріңіз.
2. Қанның құрылысы. Қан жасушаларының құрылысы мен қызметтері. Лимфаның 
құрылысы.
3. Қан түзілу процесінің түрлері. Эмбриондық жəне туғаннан кейінгі кан түзілу. 
4. Дəнекер ұлпаларының жіктелуі.
5. Борпылдақ дəнекер ұлпасының құрылысы, денедегі кездесетін орындары, 
жасушалар құрамы мен жасушааралық заты, олардың қызметі.
6. Тығыз дəнекер ұлпасының түрлері, олардың құрылысы, денедегі кездесетін 
орындары, қызметі.
7. Өзіні дəнекер ұлпалары: ретикулалы, май, пигментті ұлпалар, олардын құрылысы 
ерекшеліктері, организидегі кездесетін орындары жəне маңызы.
8. Шеміршек ұлпалары, олардын құрылысы, жануар организмдеріндегі
орындары 

мен атқаратын қызметтері.


9. Сүйек ұлпасының түрлері, кұрылысы, олардың организмдегі орындары мен 
маңызы. Остеогенез, олардың түрлері.

Ет ұлпалары 

Ет ұлпалары жануарлар организмдерінің қоршаған ортадағы қимыл-


қозғалысын, сондай-ақ, дене мүшелері мен мүшелер жүйелерінің ерікті
(қаңқа бұлшық еттері) жəне еріксіз (ішкі мүшелері мен тамырлар 
қабырғаларындағы
етті

қабықтар


мен

қабаттар)


салыстырмалы 
қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Ет ұлпаларының жиырылу, ширығу,
босаңсу сиякты қызметтері жүйке ұлпасының қызметімен тікелей 
байланыста жүреді жəне жүйке ұлпасының басшылығымен іс жүзіне асады.
Ет ұлпалары өкілдерінің ортақ белгілері — олардың ұқсас эмбриондық 
жасушалар — миобласттардан дамуы жəне ет жасушалары (миоциттер) мен
ет талшықтарында (симпласт) жиырылу процесін қамтамасыз ететін арнайы 
органеллалар — миофибриллалардың (белокты жіпшелер) болуы. Актин
жəне миозин белоктары молекулаларынан құралған миофибриллалардың 
жиырылу процесі аталмыш белоктар молекулаларының өзара əсерлесуі
нəтижесінде жəне басқа да белоктар мен кальций ионының қатысуымен 
жүреді. Жиырылу — қуатты (энергияны) көп мөлшерде қажет ететін процесс.
Сондықтан, миоциттер мен ет талшықтары цитоплазмасында энергияның 
алмасуын қамтамасыз ететін цитологиялық құрылымдар (митохондриялар,
гликоген, миоглобин) көптеп кездеседі. 
Құрылысына, қызметіне, шығу тегіне жəне орналасу орнына
байланысты ет ұлпалары: бірыңғай салалы жолақсыз, көлденең жолақты 
жəне арнайы жиырылғыш ет ұлпалары болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет