К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Остеобласттың кұрылысы А



бет138/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

64 — сурет. Остеобласттың кұрылысы А 



оптикалық микроскоппен көрінісі, 



Б — оны электроңды микроскоппен қарағанда. 1 — ядро, 2 — цитоплазма, 3 —
гранулалы эндоплазмалық тордың дамуы, 4 — бастама сүйек ұлпасы (остеоид), 5 — 
минералданған сүйек ұлпасы.


Эмбриондық шеміршек орнындағы остеогенез ұрық организміндегі 
мезенхимадан дамыған болашақ сүйектер пішініндегі шеміршектерден сүйек
ұлпасының даму процесі. Қаңқа сүйектерінің бассүйектің жабынды 
сүйектерінен қалғандары остеогенездің осы түрімен дамиды. Құрсақтағы
ұрық денесінде мезенхимадан алдымен гиалин шеміршектерінен құралған 
шеміршекті қаңқа дамиды. Шеміршектер – болашақ қаңқа сүйектерінің
пішіндерін қайталап, мезенхимадан дамып жетіледі. Қан тамырлары 
жетілмегендіктен шеміршектер қоректік заттарды қоршаған ортадан сорып
сіңіру арқылы (диффузды) қоректенеді. Кейіннен, шеміршекқапта қан 
тамырлары дамып жетіліп, ол сүйекқапқа айналады. Сүйекқаптың ішкі
бетіңдегі остеобласттар түзетін сүйек ұлпасы шеміршектің сыртқы бетін 
қаптап, сүйектік əдіпті түзеді. Бұл процесті перихондральды (шеміршек
сыртындағы) сүйектену — дейді. Сүйектік əдіп шеміршектің қоректенуіне 
кедергі жасап, оның бұзылуына ықпалын тигізеді. Шеміршектің бұзылған
ошағына қан тамырларымен бірге енген мезенхима жасушаларынан 
остеокласттар мен остеобласттар жетіледі. Остеокласттар ізбестелген
шеміршекті ерітіп бұзып, түрлі пішінді куыстар жасайды, ал остеобласттар 
осы қуыстар қабырғасы бойымен жаңа пластинкалық сүйек ұлпасын түзеді.
Бұл процесті энхондральды (шеміршек ішіндегі) сүйектену деп атайды. 
Остеогенез нəтижесінде екіншілік сүйек ұлпасы дамып жетіледі.
65 – сурет. Перихондральды жəне энхондральды сүйектену (Бухер бойынша). 

А - шеміршек сыртындағы сүйектік əдіптің түзіле бастауы, Б - энхондральды


сүйектенудің тузіле басталуы. 
1 - шеміршекқап, 2 - перихондральды сүйектік əдіп , 3 – көпіршіқше жасушалы
шеміршек (жасушааралық заты минералданған), 4 – эпифиздің гиалинді шеміршегі, 5 –
шеміршек жасушаларының (хоңдроцитгердің) қатарлары, 6 – көпіршікше жасушалы
шеміршек, 7 - энхондральды сүйек ұлпасы, 8 - біріншілік жілік майы, 9 - перихондральды 
сүйек, 10 — остеобласттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет