143
униполярлы" нейрондар қатарына жатады. Бұл жасушаларда нейроцит
денесінен шыққан бір өсінді Т əрпі тəрізді екіге бөлініп, бір-бірінен ажырап,
оның бірі дендритке, ал екіншісі аксонға айналады. Сондықтан, бұл
нейроциттерді де, биполярлы нейрондарға жатқызады.
Мультиполярлы нейроциттердің үш жəне одан да көп өсінділері
болады. Мультиполярлы нейроциттер жүйке ұлпасында ең көп тараған жүйке
жасушалары. Бұлардың өсінділерінің тек біреуі ғана аксон, ал қалған
өсінділері — дендриттер.
71 — сурет. Өсінділер санына байланысты нейроциттер турлері. А —
униполярлы нейроцит (нейробласт) Б — биполярлы нейроцит, В — мультиполярлы
нейроцит.
1 - аксон (нейрит), 2 - дендрит.
Қызметіне байланысты нейроциттер: рецепторлы (афферентті немесе
сезімтал), ассоциативті (байланыстырғыш) жəне эффекторлы (эфферентті
немесе қозғалтқыш) жүйке жасушалары болып үш топқа бөлінеді.
Рецеп-
торлы нейроциттер дендриттерінің сезімтал жүйке ұштары (рецепторлары)
сезім мүшелерінде орналасады. Рецепторлар ішкі жəне сыртқы орта
əсерлерінен қозып, жүйке толқындарын түзеді де, оларды байланыстырғыш
нейроциттер дендриттеріне өткізеді.
Ассоциативті нейроциттер өз кезегінде
жүйке
толқындарын
дендриттері
арқылы
қабылдап,
оларды
перикариондарында өңдеп, өнделген жүйке толқындарын не күшейтіп (қозу),
не тежеп, эффекторлы нейроциттер дендриттеріне өткізеді.
Қозғалтқыш
Достарыңызбен бөлісу: