138
кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақган жəне ішкі
плазмолеммадан тұрады. Бұлшық ет талшықтарының сопақша келген
мындаған ядролары миосимпласт цитоплазмасыньщ шеткі жағында,
сарколемманың астында жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары
ядролардың
маңайында
орналасады.
Миосимпласттарда
агранулалы
эндоплазмалықтор жақсы жетілген. Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы
жалғасып, байланысып жатады. Бұларды
саркоплазмалық тор — деп
атайды. Митохондриялар миофибриллалардың аралықтарында орналасады.
Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын
гликоген дəншелері, липидтердің майда тамшылары жəне тьшыс алу пигмеші
— миоглобин болады. Бұлшық ет талшықтарының арнайы органеллалары —
миофибриллалар миосимпласт ядроларын саркоплазмаға қарай щетке
ыгыстырып, цитоплазма орталығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет
талшығының ұзын бойын бойлай орналасады. Миофибриллалардың орташа
диаметрі 1-2 мкм.
Достарыңызбен бөлісу: