К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет148/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   607
(эффекторлы) нейроциттер өз кезегінде жүйке толқындарын қабылдап
өңдеп, одан əрі орындаушы жұмысшы мүшелерге жеткізіп, олардың 
тітіркендіргіш əсерлеріне жауап беру процесін іс жүзіне асырады. Демек,
рецепторлы, ассоциативті жəне эффекторлы нейроциттер бір-бірімен жанаса 
жалғасып, нейроциттер тізбектерін жасау арқылы құрылысы əр түрлі
(қарапайым, күрделі) рефлекторлық доғалар түзеді. Рефлекторлық доғалар 
жануарлар организмдеріндегі жүйке жүйесіне тəн түрлі рефлекстердің іс
жүзіне асуын қамтамасыз етеді. Рецепторлы нейроциттер перикариондары 
жұлын жəне мидың сезімтал жүйке ганглийлерінде, ассоциативті жəне
қозғалтқыш сомалық (денелік) нейроциттер перикариондары жұлын мен 
мидың сұр затында, ал вегетативті екінші эффекторлы нейроциттер
вегетативті жүйке ганглийлерінде орналасады. 
Нейроциттердің құрылысы 

Нейроциттің 

құрылысы.
Нейрон

сыртынан


плазмолеммамен 
(нейролеммамен) қапталған. Нейролемма құрылысы жағынан биологиялық
жарғақ. Жүйкелік қозудың түзілуі мен өтуіне нейролемма бетіндегі 
потенциалдар айырмашылығының өзгеріп отыруы əсерін тигізеді. Нейроцит
цитоплазмасында (нейроплазмасында) жалпы органеллалармен қатар, арнайы 
органеллалар — нейрофибриллалар мен гранул алы эндоплазмалық тор
туындысы — хроматофилді зат болады. Нейроциттің ядросы орналасқан 

144
бөлігін, нейрон денесі немесе перикарион — деп атайды. Нейроцит 


нейроплазмасындағы


нейрофибриллалар 


нейрофиламенттер
мен

микротүтікшелерден құралған. Олар нейроцит ядросы маңында жиі тор, ал
жасуша өсінділерінде олардың ұзын бойын бойлай бір бағытта орналасқан 
нейротүтікшелер мен нейрофиламенттер шоғырларын түзеді. Гистологиялық
препараттарда нейрофибриллаларды азотты қышқыл күмістің көмегімен 
анықтайды. Хроматофилді затты негіздік бояулармен (тионин, көкшіл
толуидин, көкшіл крезил) бояу арқылы нейроцит цитоплазмасында анық 
көруге болады. Оны əр түрлі пішіндегі базофилді кесекшелер құрайды. Олар
негізінен ядро маңындағы перикарионда жəне дендриттер цитоплазмасында 
шоғырланған. Ал аксонның нейроцит перикарионынан бөлініп шығатын
аксондық төмпешігі мен аксон цитоплазмасында базофилді зат болмайды. 
Базофилді затты өте тыгыз орналасқан гранулалы эндоплазмалық тор
құрайды. Оның құрамында РНҚ -ның көп мөлшерде болатындығы 
гистохимиялық əдіс арқылы анықталды. Демек, базофилді зат белоктарды
белсенді түзу арқылы нейроцитті құрылымдық белоктық материалмен 
үздіксіз қамтамасыз етіп отырады. Белоктар, əсіресе, базофилді заты жоқ
аксон цитоплазмасының массасын сақтау үшін тым қажет. Нейроцит 
цитоплазмасы кұрамындағы заттарымен бірге жасуша денесінен аксонға
қарай тəулігіне 1 мм жылдамдықпен жылжи ағатыны ғылыми дəлелдеңген. 
Нейроцит цитоплазмасында майда таяқ тəрізді митохондриялар шашыла
орналасады. Пішіні дөңгелек немесе сел сопақша келген нейроцит ядросы 
нейроплазманың орталығында орналасады. Ядро ішінде 1-2 ядрошығы
болады. Ядро хроматиндері кариолемма маңыңа жинақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет