141
бөліндінің бездердің шығару өзектеріне бөлініп шығарылуын қамтамасыз
етеді. Бұл процесті миоэпителиоииттер цитоплазмаларындағы жиырылғыш
белоктардан құралған миофиламенттер іс жүзіне асырады. Қалған арнайы
жиырылғыш ұлпалардың құрылысы бірыңғай салалы жолақсыз ет ұлпасына
ұқсас. Олар еріксіз жиырылатын миоциттерден тұрады.
Бірыңғай салалы ет ұлпасы мезенхимадан, көлденең жолақты бұлшық ет
ұлпасы мезодерманың миотомынан, көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы
мезодерманың спланхнотомынан, миоэпителиоциттер мен көздің нұрлы
қабығының миопигментоциттері жəне көз қарашығын тарылтқыш миоциттер
эктодермадан дамиды.
Ет ұлпасы бойынша бақылау сұрақтары:
1. Ет ұлпасының жалпы сипаттамасы жəне жіктелуі.
2. Бірыңғай салалы ет ұлпасының кұрылысы, шығу тегі, организмдегі кездесетін
орындары, атқаратын қызметі.
3. Көлденең жолақты ет ұлпасының жалпы сипаттамасы, түрлері.
4. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының құрылысы, шығу тегі, организмдегі
кездесетін орындары, атқаратын қызметі.
5. Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасының құрылысы, шығу тегі, организмдегі
кездесетін орны, атқаратын қызметі.
6. Арнайы жиырылғыш ұлпалар, олардың құрылысы, шығу тегі, организмдегі
кездесетін орны, атқаратын қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: