Нейроциттер жүйке жүйесі мүшелеріндегі орналасу орындарына жəне
атқаратын қызметтеріне байланысты пішіні мен мөлшерінің көп түрлілігімен
ерекшеленеді. Мысалы, мишықтың дəнше тəрізді нейроциттерінің диаметрі 4
мкм, ал ми жартышары қыртысының ірі пирамида тəрізді нейрондарының
диаметрі 130 мкм. Пішіні мен мөлшеріне қарамастан, барлық нейроциттерге
тəн қасиет — рефлекторлық доғадағы байланыстарды қамтамасыз ететін
жасушалар өсінділерінің болуы. Нейроциттердің организмдегі орналаеу
орындары мен атқаратын қызметтеріне жəне жануарлардың түрлеріне
байланысты жасушалар өсінділерінің ұзындығы бірнеше микрометрден
(мкм) 1,5 - 2 м дейін болуы мүмкін. Атқаратын қызметіне сəйкес нейроцит
өсінділері: дендриттер жəне аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді.
Деңцриттер жүйке толқынын сырттан (сыртқы жəне ішкі ортадан немесе
басқа
нейроциттер
аксондарынан)
қабылдап,
нейроцит
денесіне
(перикарионға) өткізетін тармақгы өсінділер, ал аксон нейроцит денесінде
өңделген
жүйке
толқынын
басқа
нейроциттер
дендриттеріне,
перикариондарына немесе орындаушы жұмысшы мүшелерге өткізетін өсінді.
Əр бір нейроцитте тек бір ғана аксон болады.
Өсінділерінің
санына
байланысты
нейроциттер:
бір
өсінділі
(униполярлы), екі өсінділі (биполярлы) жəне көп өсінділі (мультиполярлы)
болып үш топқа бөлінеді.
Униполярлы нейроциттердің тек бір өсіндісі болады. Ол аксонның
қызметін атқарады. Дендриттері болмағандықтан жүйке толқындарын
нейроцит перикарионы (денесі) қабылдайды. Сақа жануарлар жүйке
жүйесінде таза униполярлы нейроциттер болмайды. Олар тек эмбриондық
даму қезеңінде ғана ұрық организмінде кездеседі. Бұлар дендриттері
жетілмеген бір өсінділі жас нейроциттердің ізашар жасушалары —