161
сүйектерге тəн қасиеттер ортақ, яғни олар қысқа жəне жалпақтау болып
келеді.
Ауалы сүйектерге (os pneumaticum)
жоғарғы жақ, мандай сүйектері
жəне құстардың жіліктері жатады. Бассүйектің маңдай жəне жоғарғы жақ
сүйектерінің ішкі жағында кілегейлі қабықпен қапталған ауалы қойнаулары
болады. Бұл қойнаулардың ішкі беттері кілегейлі қабықтармен астарланған.
Ауалы сүйектер берік те жеңіл болып келеді. Ауалы бассүйектердің бүлшық
етгер бекитін кең көлемді беттері болады.
Жануарлар
қаңқаларының
сүйектерін
оқығанда,
олардың
қурылысында кездесетін морфологиялық тетіктерге жете көңіл бөлу қажет.
Оларға:
жіліктердің
эпифиздері
мен
диафиздерінің
аралықтарында
орналасатын метафиз (metaphysis), сүйектерде болатын тетіктер:
өсінді
(processus), төмпек (tuber), төмпешік (tuberculum), қыр (crista), бұдыр
(tuberositas), бет (facies), жиек (margo), шұңқыр (fossa), ойыс (fovea),
шұңқыршық (foveola), сай (sulcus), ойық (incisura), саңылау (fissura), өзек
(canalis), қуыс (cavum), тесік (foramen) жатады.
Қаңқа сүйектерінің дамуы. Жануарлар организмдерінің қаңқалары
сүйектерінің даму сипатына байланысты біріншілік сүйектер жəне екіншілік
сүйектер болып екі топқа бөлінеді.
Біріншілік сүйектер даму барысында
бірін-бірі кезегімен алмас-
тыратын үш кезеңнен өтеді. Олар: жарғақтық, шеміршектік жəне сүйектік
кезеңдер. Ұрықтық дамудың алғашқы сатыларында дене қаңқасы
сүйектерінің қызметін жұмсақ дəнекер ұлпалық жарғақтар кұрайды. Бұл
қаңқа сүйектері дамуының бірінші жарғақтық кезеңі.
Эмбриондық дамудың
келесі сатыларында жарғақтық қаңқаны шеміршек қаңқа алмастырады. Бұл
процесс жануарлар іштөлдерінің эмбриондық даму мерзіміне байланысты
түрлі уақыт өлшемімен сипатталады. Дəнекер ұлпалық жұмсақ жарғақтар
қатты шеміршек ұлпасына айнала бастайды.
Шеміршек қаңқаның
шеміршектері болашақ сүйек қаңқа сүйектерінің пішініне ұқсап, олардың
шеміршектік мөделдеріне айналады.
Бұл кезеңді шеміршектік кезең— деп
атайды.
Ұрықтық дамудың бұдан кейінгі сатыларында шеміршектер сүйектену
процесі арқылы эмбрионның қаңқа сүйектеріне айналады. Бүл —
сүйектік
Достарыңызбен бөлісу: