К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет175/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

85 - сурет. Сиыр қабырғасы 
I — суйек қабырға, II — қабырға шеміршегі. 1 —- қабырғаның омыртқалық ұшы, 2 
— қабырға басы, 3 — қабырға мойны, 4 — еттік сай, 5 — қабырға денесі, 6 — сүйек
қабырғаның төссүйектік ұшы, 7 — қабырға шеміршегінің төссүйектік ұшы, 8 —- қабырға 
төмпешігі, 9 — қабырға бұрышы, 10 — тамырлы сай.


Төссұйек (грудина, грудная кость) — sternum — көкірек кереге-сінің 
вентральды қабырғасының сүйектік негізін кұрайды. Ол төссүйек
тұтқасынан, денесінен жəне семсерше өсіндісінен тұрады. Төссүйек тұтқасы 
(manibrium sterni) төссүйектің 2-нші қабырғаға дейінгі бөлігі. Ол төссүйек
денесімен буын арқылы байланысады. Төссүйек денесі (corpus sterni) бір-

168
бірімен шеміршек аралықтар арқылы байланысқан 5-6 жұп төссүйек 


бөліктерінен (сегменттерінен) — sternebra — тұрады. Оның екі бүйірінде


қабырға шеміршектерімен байланысатын қабырғалар ойықтары (incisura 
costalis) болады. Пішіні үшкірленіп келген төссүйектің семсерше өсіндісі
(processus xiphoideus


семсерше шеміршекпен (cartilago xiphoidea)
аяқталады. Семсерше шеміршекті қазақ "сүріншек" деп атайды. 


86 - сурет. Төс сүиек. А — сиыр; Б — шошқа; В — жəне Г —жылқы. 
1 — қабырға шеміршегі, 2 — төс сүйек тұтқасы, 3 төс сүйек денссі, 4 - семсерше 
өсінді жəне семсерше шеміршек, 5 — төс қыры, 6 — қабырға
ойықтары, 7 — төс сүйектің ішкі байламы, 8 — көкіректің көлденең бұлшық еті. 
Ерекшеліктері: Жылқы төс сүйегінің екі бүйірі қысыңқы келіп, төс
қырының төменгі жағы шеміршектеніп кетеді. Сиыр, қой, ешкі, шошқа 
төссүйектерінің пішіні жалпақ болып келеді. Ит төс сүйегінің тұтқасы мен
семсерше өсіндісі жалпақтау келіп, денесі төртқырлы болады. 
Омыртқа бағаны жəне көкірек керегесі бойынша бақылау сұрақтары: 
1. Омыртқа бағанының бөлімдері жəне олардағы жануарлардың түрлеріне 

байланысты омыртқалардың саны.


2. Омыртқа қандай негізгі үш бөлімнен тұрады? 
3. Омыртка денесінін тетіктерін атап, оларға сипаттама беріңіз.
4. Омыртка доғасының өсінділері қызметіне байланысты қанша топқа бөлінеді? 
Олардың құрылысы.
5. Кокірек керегесі, оның қаңқасын қандай сүйектер құрайды? 
6. Көкірек омыртқаларының құрылысы мен олардың жануарлар түрлеріне
байланысты ерекшеліктеріне тоқталыңыз. 
7. Қабырғалардың құрылысы жəне жануарлардын түрлеріне байланысты олардағы
ерекшеліктер. 
8.Төссүйектің құрылысы жəне жануарлардын түрлеріне байланысты ерекшеліктері.
9. Омыртқа бағаны мен көкірек керегесі тақырыптары метіндерінде кездесетін 
қазақшаа-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алый, оларды жаттаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет