К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


шеміршектік немесе энхондральды



бет169/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

шеміршектік
немесе

энхондральды
жəне

шеміршексырттық немесе перихондральды түрлері ажыратылады.
Жіліктердің бөліктеріндегі сүйектенудің өзі əр түрлі жолмен, жіліктің 
диафизі перихондральды, ал эпифиздері энхондральды жолмен сүйектенеді.
Перихондральды сүйектену кезінде, сүйек ұлпасы шеміршектік жіліктің 
диафизі шеміршекқабының ішкі бетіндегі жасушалардан (остеобласттардан)
түзіледі. Сүйек ұлпасының одан əрі қалыңдауының нəтижесінде, жіліктің 
сүйектік диафизінің тығыз сүйек заты қалыптасады. Жіліктік шеміршекті
жіліктің ішіне қарай енген остеобласттар мен остеокласттардың (osteoclastus 
— сүйек ұлпасын бұзатын жасушалар) қатысуымен шеміршектік диафиздің
орнында сүйек кемігі түзіледі. Жілік диафизінде остеокласттардың 
қатысуымен сүйек кемігі толығымен бұзылып, оның орнында жілік қуысы
пайда болады. Сүйектену процесінің нəтижесінде бұрынғы шеміршектік 
жіліктің шеміршек ұлпасы тек диафиздің екі ұшы мен эпифиздердің
аралығында ғана сақталып қалады. Аталған шеміршек қабат сүйектік диафиз 
бен сүйектік эпифиздер жағынан құрылысы ерекше шеміршекасты
(субхондральды) сүйекпен қапталған. Бұл шеміршек аралықтар метафиздік 


шеміршек немесе метафиз (metaphysis) — деп аталады. Метафиз сүйек
диафизі қуысы жағынан эндоостпен (endoosteum) қапталған. Метафиз бен 
субхондральды сүйек жіліктердің ұзынынан өсуін қамтамасыз етеді.
Жілік эпифиздерінің ішінде пайда болған сүйектену ошақтарынан кемік 
сүйек заты дамиды. Оның ұлғайып өсуі нəтижесінде шеміршектік эпифиздер
толығымен сүйек кемігіне айналады. Бірақ, шеміршек толығымен жойылып 

163
кетпейді. Ол эпифиздердің сыртқы буындық беттерінде жəне метафиздерде 


сақталып қалады.


Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал 
сүйектерде кездесетін əр түрлі өсінділер жекеленген энхондральды сүйектену
ошақтары арқылы өсіп жетіледі. Бұндай ошақтарды апофиздер (apophysis) — 
деп атайды.

Сүйектің өсуі. Жануарлар денелерінің өсуімен қатар, қаңқа сүйектері
де, көлденеңінен қалыңдап жəне ұзынынан өседі. Олардың көлденеңінен 
қалындап өсуін сүйекқап остеобласттары түзетін сүйек ұлпасы қамтамасыз
етеді. Ал сүйектердің ұзынынан өсуі метафизбен субхондральды сүйек 
қабаты жасушалары мен эндоост остеокласттары жəне остеобласттарының
əрекеті нəтижесінде түзілген сүйек ұлпасы арқылы іске асады. Сүйектердің 
диафизі мен метафиздерінің өзара тұтасып кетуі — жануарлар организмінің
толық жетіліп, оның өсуінің тоқталуының белгісі. 
Əр түрлі жануарлар қаңқа сүйектерінің толық жетілу мерзімі, олардың
тұқымына, күтіміне, азықтануына, физиологиялық жағдайларына, өнімдік 
бағытына байланысты. Орта есеппен кейбір жануарлардың өсіп жетілу
мерзімі: жылқыда — 4,5-5 жылға; сиырда 4-4,5 жылға; қойда, ешкіде, 
шошқада — 3-3,5 жылға; түйеде - 8 жылға; итте — 1,5-2 жылға; қоянда —1
жылға тең болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет