82 - сурет. А — тоқпан жілік. Қан жарылып көрсетілген Б — жіліктің денесі
(диафиз) А. I— проксимальды эпифиз (жоғарғы жілік басы), II — диафиз (жіліктің
денесі), III — дистальды эпифиз (жіліктің төменгі басы)
1 — буын шеміршегі, 2 — проксимальды эпифиздің кемік сүйек заты, 3 —
диафиздің тығыз сүйек заты, 4 — жілік қуысы, 5 — дистальды эпифиздің кемік сүйек
заты, 6 — дистальды эпифиздің жұқа тығыз суйек заты. Б. а — диафиздің тығыз сүйек
заты, б — жілік диафизінен ажыратылған сүйекқап, в — жілік диафизінің куысы
ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖƏНЕ ДАМУЫ
Қаңқа сүйектерінің пішіні, одардың қаңқадағы орналасу орындары мен
атқаратын қызметіне байланысты əр түрлі болып келеді. Жануарлар
қаңқасында ұзын, қысқа, жалпақ, аралас жəне ауалы сүйектер ажыратылады.
Ұзын сүйектерге (os longum) жіліктер мен қабырғалар жатады
Жіліктер құрлықта тіршілік ететін жануарлар аяқтарының дамуына
байланысты жетілген. Олар — іші қуыс түтікше сүйектер. Жіліктің жоғарғы
басын проксимальды эпифиз (epiphysis proximalis), төменгі басын дистальды
эпифиз (epiphysis distalis), -ал оның ортаңғы ұзын қатты денесін диафиз
(diaphysis) — деп атайды. Жілік бастарының негізін кемік сүйек заты
құрайды. Оларды сыртынан тығыз сүйек зағаның жұқа қабаты қаптап
тұрады. Диафиздің жілік майы орналасқан қуысы (cavum medullare) болады.
Қабырғалар ұзын имек сүйектерге жатады. Олар сыртынан тығыз сүйек
затының қабатымен қапталған. Қабырғалардың ішкі негізін кемік сүйек заты
құрайды. Оның ұлшықтарында сүйектің қызыл кемігі майы болады.
Қыскд сүйектерге (os breve) тізе, тілерсек, тиек жəне қысқа бақай
сүйектері жатады. Олардың үзындығы, ені, биіктігі, қалындығы шамамен бір-
біріне шамалас болып келеді. Қысқа сүйектер сыртынан тығыз сүйек
затының қабатымен кдпталған, ал сүйекгердің ішкі негізін кемік сүйек заты
құрайды. Қысқа бақай сүйектерінің құрылысы жіліктерге ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |