ЖАНУАРЛАР ҚАҢҚАСЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІ
Жануарлар қаңқасы біліктік жəне шеткі қаңқа болып екі бөлімге
бөлінеді
Біліктік қаңқа бас, мойын, тұлға жəне кұйрық қаңқа сүйектерін
біріктіреді. Ал шеткі қаңқа алдыңғы жəне артқы аяқ сүйектерінен құралған.
Біліктік қаңқа бас, мойын, тұлға жəне құйрық қаңкалары болып төрт
бөлімге бөлінеді
Бастың қаңқасы — бассүйек (череп) — cranium — екі бөлімнен тұрады.
Олар: ми сауыты (cranium cerebrale, s. neurocranium) жəне бет бөлімі (cranium
viscerale, s. splanchnocranium).
83 — сурет. Сиыр қаңқасының бөлімдері мен бөліктері
1 — бас сүйектің бет бөлімі, 2 — бассүйектің ми сауыты, 3 — мойын омыртқалары,
4 — көкірек омыртқалары, 5 — қабырғалар, 6 — төс сүйектің
тұтқасы, 7 — төс сүйектің денесі, 8 — төс сүйектің семсерше өсіндісі, 9 — бел
омыртқалары, 10 — кұйымшақсүйек, 11 — кұйрық омыртқалары, 12 — жауырын, 13 —
тоқпан жілік, 14 — білек сүйектері (кəрі жілік, шынтақ сүйек), 15 — тізе сүйектері, 16 —
алдыңғы жіліншік, 17 — тұсамыс сүйек,
18 — топай сүйек, 19 — тұяқ сүйек, 20 — мықын сүйек, 20— сербек, 21- шонданай
сүйек, 22 — шат сүйек, 23 — ортан жілік, 23— тобықсүйек, 24 — асықты жілік, 25 —
шыбықсүйек қалдығы, 26 — тілерсек (толарсак) сүйектері, 27 — артқы жіліншік, 28 —
тұсамыс сүйек, 29 — топай сүйек, 30 — тұяқсүйек, 31 — тиек сүйектері, 34 — қабырға
доғасы.
164
Мойынның қаңқасын үй жануарларында 7 мойын омыртқалары
(vertebrae cervicales) кұрайды.
Тұлға қаңқасы өз кезегінде көкірек, бел жəне құйымшақ бөлімдерінен
құралған. Көкірек керегесінің (thorax) қаңқасын көкірек омыртқалары
(vertebrae thoracicae), қабырғалар (costae) жəне төссүйек (sternum), бел
бөлімінің қаңқасын бел омыртқалары (vertebrae lumbales), ал құйымшақ
бөлімінің қаңқасын кұйымшақ омыртқалары (vertebrae sacrales) немесе
құйымшақ сүйегі (os sacrum) құрайды. Құйрықтың қаңқасы құйрық
омыртқаларынан (vertebrae caudales) тұрады. Мойын, көкірек, бел, қүйымшақ
жəне құйрық омыртқалары бірігіп, омыртқа бағанын (позвоночный столб)
— columna vertebralis — түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |