Омыртқа бағаны (columna vertebralis) жануарлар қаңқасының біліктік
бөлімінің құрамына енеді. Ол мойын, көкірек, бел, құйымшақ жəне құйрық
омыртқалары бөлімдерінен құралған. Омыртқа бағанының мойын бөлімін
барлық сүтқоректі жануарларда 7 мойын омыртқасы құрайды. Көкірек
бөлімінде: сиырда, қойда, ешкіде, итте — 13; жылқыда — 18-19; түйеде —
12; шошқада — 14-15 көкірек омыртқалары; бел бөлімінде: сиырда,
жылқыда, түйеде — 6; қой мен ешкіде — 6-7; шошқа мен итте — 7 бел
омыртқалары; құйымшақ бөлімінде: сиырда, жылқыда, түйеде — 5; қой мен
ешкіде, шошқада — 4; итте — 3 құйымшақ омыртқалары; құйрық бөлімінде:
қойда — 3-24; сиырда, жылқыда —16-21; шошқа мен итте — 20-23 құйрык
омыртқасы болады.
Омыртқаның құрылысы. Омыртқа (позвонок, лат. — vertebra, грек. -
spondylus) үш бөлімнен: омыртқа денесінен, омыртқа доғасынан жəне
омыртқа тесігінен (foramen vertebrale) тұрады.
Омыртқа денесінің (corpus vertebrae) краниальды жағында дөңес келген
омыртқа басы (caput vertebrae), оған қарама-қарсы каудальды жағында
омыртқа шұңқыры (fossa vertebrae), төменгі бетінде вентральды қыры (crista ventralis) болады.
Омыртқа доғасы (arcus vertebrae) омыртқа денесінің екі бүйір
қапталымен жалғасып, оның жоғарғы жағындағы сүйек тақташасынан
құралған омыртқа бөлімі. Омыртқа денесі мен доғасының бір-біріне
жалғасатын тұсында краниальды (алдыңғы) жəне каудальды (артқы) омыртқа
ойықтары көрінеді. Көршілес омыртқалар аралығында аталған ойықтар
бірігіп, қан тамырлары мен жүйкелер (нервтер) өтетін омыртқааралық
тесіктерді (foramen intervertebrale) түзеді. .
Омыртқа доғасынан шығатын сүйек өсінділер қызметіне сəйкес бұлшық
ет өсінділері жəне буын өсінділері болып екі топқа бөлінеді. Омыртқаның
бұлшық ет өсінділеріне: жоталық, көлденең жəне емізікше өсінділер жатады.
Бұларға омыртқа бағанының бұлшық еттері бекиді.
Жоталық өсінді (processus spinosus) омыртқа доғасынан жоғарғы
бағытта шығатын тақ өсінді. Бұған омыртқа бағанының дорсальды бұлшық
еттері бекиді. Барлық омыртқалардың жоталық өсінділері бірігіп, омыртқа
бағанының жоталық қырын құрайды.
Көлденең өсінді (processus transversus) омыртқа доғасының омыртқа
денесіне жалғасатын тұсындағы екі бүйірінен шығатын жұп өсінді. Көкірек
омыртқаларында аталмыш өсінді қабырға төмпешігімен байланысып,
көлденең-қабырға төмпешігі буынын құрайды. Омыртқалардың мойын, бел,
құйымшақ бөлімдерінде бұл өсінді қабырға қалдығымен тұтаса байланысып,
көлденең-қабырға өсінділеріне айналады.
Емізікше өсінді (processus mamillaris) мойын омыртқаларының
каудальды (артқы) буын өсінділерінің, көкірек омыртқаларының көлденең
166
өсінділерінің, бел омыртқалардың краниальды (алдыңғы) буын өсінділерінің
жоғарғы жағында орналасқан жұп өсінді.
Омыртқалар бір-бірімен өзара буын өсінділері арқылы қозғалмалы
байланысып, қарапайым тегіс буындарды құрайды. Омыртқа доғасының
алдыңғы жағындағы осы буындарды құрайтын жұп өсінділер краниальды