171
Ерекшеліктері. Жылқыда вентральды қыралдыңғы омыртқалар
денелерінде ғана байқалады. Соңғы үш бел омыртқалардың көлденең-
қабырға өсінділері қалыңдау болып келеді. Олардың бүйір беттерінде бір-
бірімен өзара жəне құйымшақ сүйегі қанатымен байланысатын буын беттері
болады. Кəрі жылқыларда аталған омыртқа өсінділері буын беттері арқылы
бір-бірімен тұтаса байланысып сүйектеніп, бірігіп кетеді.
Сиыр, қой жəне ешкі бел омыртқаларының краниальды буын
өсінділерінің пішіні ілмек тəрізді, ал каудальды буын өсінділері цилиндр
тəрізді болып келеді. Омыртқалардың вентральды қырлары жақсы жетілген,
жоталық өсінділері қысқа жəне жалпақ келеді.
Шошқа бел омыртқалары көлденең-қабырға өсінділерінің пішіні доға
тəрізді болып келеді. Олар төмен қарай сəл иіліп тұрады. Жоталық өсінділері
ұзын, емізікше өсінділері жақсы жетілген.
Иттің бел омыртқаларының көлденең-қабырға өсінділері кранио-
вентральды бағытта иіліп тұрады. Жоталық жəне емізікше өсінділері жақсы
жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: