К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет177/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда атлант шұңқыры терендеу келеді. Атлант
қанатының каудальды жағында қосымша көлденең тесік (foramen 
transversale) болады.

Сиырда, қойда, ешкіде атлант шұңқыры таяздау, тіс ойысы вентральды
доғаның каудальды жартысын алып жатады. 


Шошқада тіс ойысының орнында тереңдеу тіс ойығы, ал көлденең
тесіктің орнында көлденең өзек (canalis transversarius) болады. 


Итте дорсальды төмпешік болмайды, қанат тесігінің орнында қанат 

ойығы (incisura alaris) болады.

87 - сурет. Ауыз омыртқа (атлант) А — сиыр, Б — шошқа, В — жылқы 
1 — атлант қанаты, 2 — краниальды буын шұңқыры, 3 — дорсальды төмпешік, 4 — 
дорсальды доға, 5 — омыртқааралық тесік, 6 — қанат тесігі, 7 — каудальды буын
шұңқыры, 8 — тіс ойысы, 9 — омыртқа тесігі, 10 — вентральды доға, 11 — вентральды 
төмпешік, 12 — көлденең тесік.
Толғау омыртқа немесе білік омыртқа (эпистрофей) — axis — екінші
мойын омыртқа. Білік омыртқаның құрылысы басқа нағыз омыртқаыларға
ұқсас, яғни денеден, доғадан жəне омыртқа тесігінен жəне оларға тəн 
тетіктерден тұрады.
Толғау омыртқасы басының орнында тісше өсінді (dens) көрінеді. Тісше 
өсіндінің төменгі жағында атланттың каудальды буын шұңқырымен
байланысатын вентральды буын беті (facies articularis ventralis) болады. 
Омыртқаның жоталық есіндісі нашар жетілген. Омыртқа денесі мен көлденең
өсінді аралығында тамырлар мен жүйкелер өтетін көлденең өзек, ал омыртқа 
доғасының алдыңғы жағында омыртқааралық тесік бар. Краниальды буын
өсінділері болмайды, ал каудальды буын өсінділері жақсы жетілген.


Ерекшеліктері. Жылқыда тісше өсіндінің дорсальды беті жалпақ
келеді. Жоталық қыры каудальды бағытта екіге ажырап, каудальды буын 
өсінділерімен жалғасып кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет