К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет180/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қүйымшақ омыртқалары (крестцовые позвонки) — vertebrae sacrales
— жануарларда бір-бірмен өзара бірігіп сүйектеніп, құйымшақ сүйегін (os 
sacrum) құрайды. Оның пішіні үшбұрышты болып келеді. Оның жалпақтау
келген алдыңғы жағын құйымшақ табаны (basis ossis sacri), жіңішкелеу 
келген артқы ұшын құйымшақ төбесі (apex ossis sacri) — деп атайды.
Құйымшақ омыртқаларының денелері мен доғалары өзара бірігіп сүйектеніп 
кеткендіктен, омыртқа тесіктері де бірігіп, құйымшақ өзегін (canalis sacгаlis)
құрайды. Құйымшақ омыртқаларының аралықтарында қан тамырлары 
мен жуйкелер өтетін дорсальды жəне вентральды құйымшақ тесіктері
(foramen sacrale dorsale et ventrale) болады. Аталған тесіктер омыртқалардың 
шекарасын анықтайтын сызықтар бойында орналасады. Бірінші құйымшақ
омыртқа денесінің алдыңғы жағындағы көтеріліп тұрған вентральды жиегін 


мүйіс (promontorium) — деп атайды. Алдыңғы екі омыртқаның көлденең-
қабырға өсінділері бірігіп, құйымшақ сүйегінің қанатын (ala ossis sacri) 
құрайды. Оның сыртқы жағындағы құлақша буык беті (facies auricularis)
арқылы құйымшақ сүйегі жамбас сүйегінің аттас бетімен байланысып
қарапайым тегіс құйымшақ-мықын буынын құрайды. Қалған омыртқалардың
көлденең-қабырға өсінділері бірігіп, құйымшақтың бүйірлік бөлігін, ал 
жоталық өсінділер дорсальды қырды түзеді.
Ерекшеліктері. Жылқы құйымшақ омыртқаларының жоталық
өсінділері бір-бірінен ажырап тұрады да, олардың аралықтарында 
өсінділераралық кеңістіктер қалады. Құйымшақ сүйегі денесінің вентральды
беті тегіс келеді. 


Сиыр, қой, ешкі құйымшақ сүйегінің денесі вентральды жағына қарай
иіліп тұрады, оның вентральды тесіктері кендеу келеді. Жоталық өсінділері 
бірігіп, дорсальды құйымшақ қырын түзеді. Қойдың құйымшақ сүйегінің
жоталық өсінділері толық бірікпеген. 

172





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет