169
tuberculum ventrale) орналасады. Аталған доғалар омыртқаның екі бүйірінде
қосылып, атлант қанаттарын (ala atlantis) құрайды. Олардың алдыңғы
жағында атланттың жоғарғы бетінен қанаттың төменгі бетіндегі
атлант
шұнкырына (fossa atlantis)
ашылатын қанат тесігі (foramen alare) болады.
Қанат тесігімен қатар, омыртқа тесігіне ашылатын
омыртқааралық тесік
(foramen intervertebrale) орналасады. Аталған екі тесік бір сайда жатады.
Атланттың алдыңғы бетінде шүйде сүйегі айдаршығымен
буынды байланыс
түзетін жұп
краниальды буын шұнқыры (fossa articularis cranialis), ал
артқы жағында екінші білік омыртқамен байланысатын
каудальды буын
шұңқыры (fossa articularis caudalis) болады.
Каудальды буын шұңқырының
ішкі бетінде білік омыртқаның тісше өсіндісіне арналған
тіс ойысы (fovea
dentis) бар.
Достарыңызбен бөлісу: