К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет183/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бүйірлі бөлік (pars lateralis) ауыз омыртқа — атлантпен байланысып,
қарапайым қос білікті шүйде-атлант буынын құрайды. Бүйірлі бөлік шүйде 


айдаршығынан (condylus occipitalis) жəне мойындырық өсіндісінен
(processus jugularis) құралған. Осы екеуінің аралығында мойындырық 


ойығы (incisura jugularis) болады. Шүйде айдаршықтарыының негізгі
бөлікпен 
жалғасқан
төменгі

бетіндегі



вентральды 

айдаршық 

шұңқырының (fossa condylaris ventralis) түбінде тіласты жүйке өзегі
(canalis n. hypoglossi) орналасады. Айдаршықтың жоғарғы жағында 


дорсальды айдаршық шұңқыры (fossa condylaris dorsalis) болады.

Шүйде қабыршағы (squama occipitalis) бүйірлік бөліктер мен үлкен
шүйде тесігінің жоғарғы жағында жатқан шүйде сүйектің жалпақ бөлігі. 
Оның сыртқы беті желке қыры (crista nuchae) арқылы желке жəне төбе
бөліктерге бөлінеді. Желке бөлігінде сыртқы жене ішкі шүйде дөңестері 

174
(protoberantia occipitalis externa et interna) көрінеді. Төбе бөліғінің жоғарғы 


қыры сыртқы сагиттальды қырмен (crista sagittalis externa) жалғасады.


Ерекшеліктері: Жылқыда шүйде сүйек денесінің пішіні цилиндр
тəрізді, мойындырық өсіндісі тік болады. Желке қыры айқын білінеді. 
Сыртқы шүйде дөңесінен темен желке шұңқыры орналасады.

Сиырда мойындырық өсіндісі қысқа жəне медиальды бағытта иілген.
Жырымдалған тесіктің каудальды бөлігінен жеке мойындырық тесігі 
(foramen jugulare) қалыптасып, бөлініп тұрады. Тіласты жүйкесі өзегінің
тесігі қосарланған екі тесіктен құралған. 


91 - сурет. Бассүйектер А — сиыр, Б — жылқы 
1 — тебе сүйек, 2 — маңдай сүйек, 3 — көздік үсті тесігі, 4 — маңдай сүйектің 
шықшыт өсіндісі, 5 — көздік (көз шарасы, аңғалак), 6 — көз жасы сүйегі, 7 — шықшыт
сүйек, 8 — мұрын сүйек, 9 — жоғарғьг жақсүйек, 10 — мүйіз өсіндісі, 11 — маңдай қыры 
(сиырда), 12 — самай шұңқыры, 13 — көздікасты тесік, 14 — тұмсық сүйек, 15 — шүйде
қыры, 16 — төбеаралық сүйек. 
Желке қырының орнында желке сызығы болады. Сыртқы шүйде дөңесі 

нашар жетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет