21
тым сезімтал əдіс. Оның көмегімен жасушаның химиялық құрамын да
аныктауға болады.
5. Авторадиография əдісі жануарлар ұлпалары мен жасушаларындағы
радиоактивті изотоптармен белгіленген заттарды анықтауға арналған
цитологаялық əдіс. Радиографиялык зерттеуге радиоактивті фосфорды (Р
32
),
көміртегті (С
14
), күкіртті (S
35
), сутегті (Н
3
)
немесе осы радиоактивті
элементтермен белгіленген қосылыстарды пайдаланады. Зерттеу кезінде
препараттағы белгіленген радиоактивті изотоптан бөлінген сəулелердің
əсерінен көріністі түсірген фотопластинка
фотоэмульсиясы құрамындағы
бромды
күмістен
таза
күміс
түйіршіктері
бөлініп,
ұлпалар
мен
жасушалардағы белтіленген заттардың орналасу орындарын көрсетеді. Бұл
əдістің көмегімен белгіленген амин қышқылдарының белоктың құрамына
ену
жылдамдығын, нуклеин қышқылдарының түзілуін, калқанша без
жасушаларындағы йод элеменұлпаің алмасуын тағы сол сияқгы түрлі
жануарлар жасушаларындағы күрделі органикалық қосылыстардың түзілу
процестерін, олардың құрамы мен жасуша
құрылымдары аралықтарындағы
тасымадцануын зерттеп аныктауға болады.
4 — сурет. Оптикалық микроскоптагы — А, трансмиссиялық электронды
микроскоптағы — Б жəне скандаушы электронды микроскоптагы — В сəулелердің
жүру нобайлары
(А. Хэм, Д. Кормак бойынша) 1 — жарық көзі, 2 — жинағыш линза, 3 — нысан, 4 —
нысандык линзасы, 5 -проекциялық линза, 6 — окуляр линзасы, 7 — көрініс, 8 - катод, 9
— анод, 10 — ауытқылату катушкасы. 11 — сканлаушы сəуле, 12 — электрондар
детекторы, 13 — экрандағы корініс, 14 күшейткіш, 15 — теледидар экраны
Достарыңызбен бөлісу: