селекционерлерге ұсыныстар жасалынды.
39
гистология жəне эмбриология кафедрасын 1945- 1962 жылдарда меңгеріп,
елімізге белгілі оқымыстылар дайындауда ауқымды еңбек етті. Академик Ф.
Мұхамедғалиұлының жетекшілігімен бастапқы кезде гистология жəне
эмбриология кафедрасында, 1962 жылдан бастап ҚР ұлттық академиясы
эксперименталъды биология институтында гистологиялық, электронды
микроскопиялық, эмбриологиялық көлемді ғылыми зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, осы бағытта ұлттық ғалымдар дайыңдау жұмысы іс жүзіне асты.
Бұл кісінің шəкіртгері О. И. Бердоңғарова, К, Ш. Баймұқамбетов, А. Ф.
Шапилов, М. М. Тойшыбеков, P. А Тоқгамысова, Б. О. Исаев, Б. Əбішов, К.
Жаңабеков, Р. Б. Əбілдінов т.б. əр түрлі мал
тұқымдары онтогенезіндегі
мүшелер микроморфологиясы мен гистохимиясы, эмбриондардың əр түрлі
кезеңдердегі дамуы мен оларды тұқым аралық ауыстырып салу арқылы
құнды генотиптерді көбейту тақырыптарында ғылыми зертгеу жұмыстарын
жүргізіп,
гистология
мен
эмбриология
ілімдерінің
Қазақстандағы
қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлестер қосты.
Ф. М. Мұхамедғалиев шəкірттерінің бірі — профессор A. M.
Мұрзамадиевтің басшылығымен жасушалық, ядролық, хромосомалық
деңгеңдегі зертгеулер жүргізіліп, жануарлар
цитологиясының дамып
калыптасуына
үлкен
септігін
тигізді.
Экспериментальды
биология
институтында профессор I. А. Шағыров өз шəкірттерімен қой тұқымдарының
салыстырмалы эмбриологиялық дамуын, профессор Т. М. Мəсенов өз
шəкірттерімен сүтқоректілер өклесінің салыстырмалы морфологиясын
зерттеді. Қазақстандағы биоморфологияның негізін салған академик Б. А.
Домбровскийдің шəкірті К. Б. Бердоңғаров өз шəкірттерімен бірге жануарлар
тамырлар жүйесінің биоморфологиясын зерттеп, гистологияның дамуына зор
үлес қосты.
Бұрынғы Семей зоотехникалық-малдəрігерлік институтында профессор
Н. А. Гороховский қой мен қос өркешті түйе ұрық- жолдасын (плацентасын),
профессор 3. Қ, Тоқаев қой мен марал жыныс аппаратының макро жəне
микроморфологиясын зерттеп, өз дəрежелерінде гистологияның дамуына
үлестерін қосты.
Қазіргі кезде С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеұлпаде
профессор А. Ы. Ғазизованың жетекшілігімен жануарлар макро- жəне
микроморфологиясын дамытуда елеулі еңбектер жүргізілуде. Сондай-ақ,
осындай ғылыми зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан жəне
Семей
университеттерінде де жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ҚР -ның басқа да
жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарында көптеген
морфолог ғалымдар жануарлар макро- жəне микроморфологиясын одан əрі
дамыта зерттеуде жемісті еңбек етуде.
Еліміз егемендік алып, жоғары жəне орта оқу орындарында оқу процесі
қазақ тілінде жүргізіле бастауына байланысты, ана тілімізде оқулықтар мен
оқу
құралдары дайындалып, баспа беті арқылы жануарлар морфологиясы
салаларына арналған тұңғыш туындылар жарық көре бастады. 1996 жылы
жоғары оқу орындарының мал дəрігерлігі факультеттері студенттеріне