К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет23/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   607
2. Бекіту əдіеі жануарлар дене мүшелерін бұзылудан, шіруден
caқтay ушін формалинде, спиртте жəне басқа да құрамы əр түрлі 
күрделі тұзды еріұлпаділерде ұстайды.

3. Тоңазытылған денені аралап кесу əдісі дененін белгілі бір
аумағындағы əр түрлі жүйелер мүшелерінің өзара орналасу орындарын 
(топографиясын) анықтау үшін қолданылады.
4. Құйып толтыру (инъекция) жəне бұзу (коррозия) əдістері түтікше
мүшелердің тарамдалу заңдылықтарын зерттеу үшін, мүшелер куыстарын 
қатаятын заттармен толтырып, құйылған зат катайғаннан соң, мүшелерді
қышқылға салып, оның жұмсақ ұлпаларын ерітіп жіберу арқылы 
препараттарды дайындауға арналған əдістер.

5. Жидіту (мацерация) əдісі дененің жұмсақ ұлпаларын шіріту арқылы
сүйек препараттары мен майда жануарлар қаңкасын дайындау үшін 
қолданылады.

6. Молдірлендіру əдісі қан тамырларының тарамдалу заңдылықтарын
зерттеу үшін, олардың куысын боялған затпен толтырып, тамырлардың 
сыртындағы ұлпаларға мөлдір сұйықты көп мөлшерде енгізу арқылы
молдірлендіреді. 


7. Авторадиографиялық əдіс радиоактивті изотоптардың комегімен
арнайы аспап арқылы дене мүшелерінің даму кезеңдерін тексеруге арналған. 


8. Рентгенологиялық əдіс тірі организм мүшелерінің құрылысын
зерттеуге пайдаланылады. 


I - тарау бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Морфология пəніне түсінік беріп, оның негізгі бөлімдеріне тоқталыныз. 


2. Морфология пəнінің жоғары білімді мал дəрігерлерін дайындаудағы алатын орны.
3. Морфологияның басқа биологиялық жəне клиникалык пəндермен байланысы. 
4. Онтогенез жəне филогенез туралы түсінік.
5. Морфологияның зерттеу нысандары. 
6. Гистологиялық зерттеу əдістері.
7. Тірі жануарлар организмі ұлпалары мен жасушаларын зерттеудің əдістері. 

23
8. Гистологиялық препаратты дайындаудың кезендеріне тоқталып, олардың 


мазмұнын түсіндіріңіз.


9. Гистологиялық материалды бекітудің мақсаты, осы мақсатта қолданылатын 
бекіткіш заттар.
10. Гистологиялық препараттарды дайындауда қодданылатын бояулар, бояғыш 
заттардың түрлері. Олар ұлпалар мен жасушалардың қандай құрылымдарын жəне қай
түске бояйды? 
11. Ацидофилді (оксифилді), нейтрофилді (гетерофилді), базофилді жасуша
құрылымдарын қалай түсіндіруге болады? 
12. Импрегнация деген не? Бұл əдістің көмегімен қандай ұлпаның құрылысын
зерттейді? 
13. Цитохимиялық жəне гистохимиялық əдістерге тоқталып, олардың маңызын
түсіндіріңіз. 
14. Гистологиялық препараттарды микроскоппен зерттеудің əдістері, олардыц
нысандары мен мақсаттары. 
15. Морфологияның анатомия бөліміне анықтама беріп, зерттеу мақсаттарына
байланысты ол қандай салаларға бөлінеұлпаін атаңыз. 
16. Анатомиянын зерттеу нысандары мен əдістеріне тоқталып, оларға түсініктеме
беріңіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет