197
102 - сурет. Ортан жілік Г — сиыр (артқы беті), Д — сиыр (алдыңғы беті), Е —
жылқы
1 - жілік басы, 2 — жілік мойны, 3 — кіші ұршық, 4 — байлам төмпешігі, 5 —
медиальды айдаршыкүсті, 6 — тобыктық шығырдың медиальды қыры,
7 — үлкен ұршық, 8 — үшінші ұршық, 9 — латеральды айдаршыкүсті, 10 — жазғыш
шұңқыр, 11 — тобықтық шығырдың латеральды қыры, 12 — тобықтық шығыр, 13 —
ұршықаралық шұңқыр, 14 — айдаршықүсті шұңқыр, 15 — латеральды айдаршық, 16 —
медиальды айдаршық, 17 — айдаршықаралық шұңқыр, 18 — ортаңғы ұршық, 19 —
байлам шұңқыры, 20 — тобықасты шұңқыр.
Тобық (коленная чашка) — patella —
ортан жіліктің тобықтық
шығырымен буын арқылы байланысатын қысқа сүйек.
Тобықта жалпақ
келген
тобық негізі (basis patellae) жəне үшкірлеу
тобық төбесі (apex
patellae),
алдыңғы беті (facies cranialis) мен
буындық беті (facies articularis)
болады.
Сирақ сүйектері (кости голени) — skeleton cruris —
асықты жілік пен
шыбық сүйектен тұрады.
Асықты жілік (большая берцовая кость) — tibia — ұзын куысты сүйек
ретінде, проксимальды жəне дистальды эпифиздерден жəне
жілік денесі -
диафизден тұрады. Оның қомақгы келген үш қырлы проксимальды эпифизін
латеральды жəне
медиальды айдаршықтар (condylus lateralis et medialis)
құрайды. Олардың жоғарғы буын беттерінде латеральды жəне
медиальды
төмпешіктермен
шектелген
Достарыңызбен бөлісу: