212
Бұлшық еттердің көмекші мүшелері
Бұлшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организмінде
көптеген мүшелер көмектеседі. Оларды бұлшық еттердің "көмекші
мүшелері" — деп атайды. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше
сүйектер мен сүйек шығырлары, беткей жəне
терең шандырлар, синовиялы
жəне кілегейлі қапшықтар мен бұлшық ет сіңірлерінің қьшаптары жатады,
Жануарлар
тері жабынының астында, тығыз орналасқан коллаген
талшықтарынан құралған дəнекер ұлпалық қабықша денені сыртынан қаптап
жатады. Бұл тығыз дəнекер ұлпалық қабықшаны
беткей шандыр (fascia
superficialis) — деп атайды. Беткей шандыр қаңқа сүйектерімен
байланыспайды. Ол өз кезегінде екі: сыртқы жəне ішкі қабаттардан тұрады.
Бұлардың арасында қаңқа сүйектеріне
байланыспаған, теріні қозғап
сілкіндіретін
теріасты бұлшық еттері (musculus cutaneus) орналасады.
Терең шандырлар (fascia profunda) жеке бұлшық
еттерді немесе бұлшық
еттер топтарын сыртынан қаптап, бұлшық еттермен бірге қаңқа сүйектеріне
бекиді. Шандырлар бұлшық еттердің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз
етіп, тіректік қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: