К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет239/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Қос құрсақты бұлшық ет ит пен шошқада бір ғана ет
құрсағынан тұрады.

5. Мойындырық-жақ бұлшық еті (m. jugulomandibularis) мойындырық
өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің каудальды жиегінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Бұл бұлшық ет тек жылқыда болады.


ИЫҚ БЕЛДЕУІНІҢ БұЛШЫҚ ЕТТЕРІ 

Иық белдеуінің бүлшық еттері алдыңғы аяқты, атап айтқанда, жауырын 


мен тоқпан жілікті тұлғаға бекітеді.


Жауырынды тұлғамен байланыстыратын бұлшық еттер 
1. Трапеция тəрізді бұлшық ет (m. trapezius) мойын жəне арқа
бөліктерінен тұрады. Мойын бөлігі желке мен жотаүстілік байламдардан 
(атланттан 3-көкірек омыртқасына дейін), ал арқа бөлігі 3 –тен 11-інші
көкірек омыртқаға дейінгі жотаүстілік байламнан басталып, екі бөлігі де 
жауырын қырында аяқталады.

Ерекшеліктері. Шошқада трапеция тəрізді бұлшық ет шүйде сүйегінен
басталады. 


Қызметі. Трапеция тəрізді бұлшық еттің мойын бөлігі жауырынды алға
жəне жоғары, ал арқа бөлігі артқа жəне жоғары қарай қозғайды. 


2. Ромб тəрізді бұлшық ет (m. romboideus) мойын жəне арқа
бөліктерінен тұрады. Ромб тəрізді бұлшық ет трапеция тəрізді бұлшық еттің 
астында жатады. Оның мойын бөлігі білік омыртқадан 3 -інші көкірек


216
омыртқаға дейінгі, арқа бөлігі 3 -тен 7-9-ыншы көкірек омыртқасына дейінгі 


желке мен жотаүстілік байламдардан басталып, екі бөлігі де жауырын


шеміршегінің медиальды бетінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Шошқа мен итте ромб тəрізді бұлшық еттің аталған
бөлікгерінен басқа бас бөлігі болады. Ол шүйде сүйегінен басталады. 


Қызметі. Ромб тəрізді бұлшық ет пен трапеция тəрізді бұлшық ет бір
бағытта қызмет атқарады, яғни олар синергист бұлшық еттер. Ол жауырынды 
айналдыра қозғалтып, алдыңғы аяқтың қозғалысына қатысады. Ал алдыңғы
аяқ жерге нық басылып тұрған кезде, ол жауырынды тұлғаға бекітіп, 
мойынды жоғары көтеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет