БАСТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ
Қызметіне байланысты бастың бұлшық еттері: бет жəне шайнау бұлшық
еттер топтарына бөлінеді. Бет немесе мимиқалық бұлшық еттер бір ұшымен
бассүйектің бет бөлімінің қозғалмайтын сүйектеріне бекиді. Ал екінші
ұшымен бас аумағындағы табиғи тесіктер (ауыз саңылауы, мұрын тесіктері,
көз, сыртқы есту жолы) қабырғаларындағы қозғалмалы бұлшық еттер мен
теріде аяқталады. Шайнау бұлшық еттері екі ұшымен бассүйектің
қозғалмалы сүйектеріне бекіп, жоғарғы жақ пен төмегі жақ сүйектерін
қозғалысқа келтіріп, шайнау қызметін іс жүзіне асырады.
Бет бұлшық еттері
1. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті (m. orbicularis oris) жоғарғы жəне
төменгі еріндердің негізін кұрап, тері мен кілегейлі қабықтың аралығында
орналасады.
Ерекшеліктері. Бұлшық ет жылқы мен ұсақ малдарда жақсы, ал
сиырда, шошқада жəне итте нашар жетілген.
Қызметі. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті еріндерді бір-біріне тартып
кысып, ауыз саңылауының қысқыш бұлшық етінің қызметін атқарады.
2. Ұрт бұлшық еті (m. buccinator) жоғарғы жақ жəне төменгі жақ
сүйектердің сыртқы беттеріне бекіп, ұрттың негізін құрайды.
Ерекшеліктері. Ұрт бұлшық еті шөппен қоректенетін, əсіресе, күйіс
қайтаратын жануарларда жақсы, итте нашар жетілген.
Қызметі. Ұрт бұлшық еті шайнау кезінде азықты жылжытып, азу
тістерге салуға көмектеседі.
З.Бет бұлшық еті (m. zygomaticus) бет доғасынан басталып, езуде
аяқталады.
Ерекшеліктері. Бет бұлшық еті жылқыда бет қырынан, күйіс
қайтаратын жануарлар мен шошқада үлкен шайнау бұлшық еті
шандырынан, итте құлақ шеміршегінен басталады.
Қызметі. Езуді артқа жəне жоғары қарай тартады.
214
Достарыңызбен бөлісу: |