3. Иық-атлант (атлант-акромион) бұлшық еті (m. omotransver-sarius s.
m. atlantoacromialis) атлант қанатынан басталып, жауырын акромионында
аяқталады.
Ерекшеліктері. Атлант-акромион бұлшық еті акромионы бар
жануарларда жақсы жетілген, жылқыда болмайды, шошқада тым жіңішке
таспа тəрізді болып келеді.
Қызметі. Жауырынның дистальды бөлігін алға қарай тартып, осы
бағытта алдыңғы аяқтың жылжуын қамтамасыз етеді.
4.Тісше вентральды бұлшық ет (m. serratus ventralis) мойын жəне
көкірек бөліктерден тұрады. Мойын бөлігі соңғы 4-5 -інші мойын
омыртқаларының көлденең өсінділерінен, ал көкірек бөлігі бірінші 6-7-
інші қабырғалардың сыртқы бетінен басталып, жауырынның медиальды
бетіндегі тісше беттер мен тісше сызықтарға барып аяқталады.
Ерекшеліктері. Сиыр мен ұсақ малдардатісше вентральды бұлшық
еттің мойын жəне көкірек бөліктері жауырынға дараланып бекиді.
Қызметі. Тұлғаның екі жағындағы аттас бұлшық еттер бірігіп, тұлғаны
жауырын аралығына асып тұрады. Мойын бөліктері мойынды көтеруге, ал
жеке жиырылғанда олардың əр қайсысы мойынды өз жағына қарай июге
қатысады.
Тоқпан жілікті тұлғаға бекітетін бұлшық еттер
1. Иық-төс-бас бұлшық еті (m. brachiosternocephalicus) екі: иық-бас
жəне төс-бас бұлшық еттерінен тұрады.
Иық-бас бұлшық еті (m. brachiocephalicus) тоқпан жілік қырынан
басталып, шүйде жəне самай сүйектері мен желкеге барып аяқталатын
жалпақ бұлшық ет.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұл бұлшық ет шүйде жəне самай сүйектер
мен ортаңғы мойын омыртқаларының көлденең-қабырға өсінділерінен
басталса, шошқада шүйде мен самай сүйектерінен, ал итте самай жəне
шүйде сүйектері мен желкенің 2 мойын омыртқасы тұсынан басталады.
Қызметі. Иық-бас бұлшық еті иық буыньш жазу арқылы алдыңғы аяқты
алға қарай қозғайды. Ал алдыңғы аяқ жерге иық басылып тұрған жағдайда,
бас пен мойынды төмен түсіреді.