К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық ет



бет237/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

4. Мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық ет (m. levator nasolabialis) 
маңдай жəне мұрын сүйектерінен басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы
ерінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық ет маңдай жəне мұрын сүйектерінен
жұқа сіңір түрінде басталып, екіге ажырайды. Артқы беткей бөлігі езуде, ал 
алдыңғы терең бөлігі сойдақ тіс бұлшық етінің төменгі жагамен өтіп,
жоғарғы ерін мен мұрын қанатында аяқталады.


Қызметі. Жоғарғы ерінді көтеріп, мұрын тесіктерін кеңейтеді.

5. Сойдақ тіс бұлшық еті (m. caninus) жоғарғы жақ сүйектің бүйір
бетінен басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда бет қырынан басталып, мұрын қанатында
аяқталады. Сиыр мен ұсақ малдарда бет төмпегінен басталып, беткей жəне 
терең тармақтарға ажырайды да, мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық еттің
арасымен өтіп, мұрын қанатында аяқталады. Шошқада көздікасты тесіктің 
артқы жағындағы сойдақтіс шұңқырынан басталып, негізінен мұрын
қанатында, ал бір сіңірлі бөлігі жоғарғы ерінде аяқталады. Итте көздікасты 
тесіктің алдыңғы жағанан бастау алып, жоғарғы ерінде аяқталады.

Қызметі. Мұрын тесіктерін кеңейтеді.
6. Жогарғы еріңді арнайы көтергіш бұлшық ет (m. levator labii
superioris proprius) көзжасы жəне бет сүйектерден басталып, жоғары ерінде 
аяқталды.

Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық ет көзжасы жəне бет сүйектерінен
басталып, танау тесіктерінің арқалығы арқылы жоғарғы ерінде аяқталады. 


Күйіс қайтаратын жануарларда ол бет төмпегінен басталып, қаңсарда
аяқталады. Шошқада бұл ет жақсы жетілген. Ол сойдақ тіс шұңқырынан 
басталып, танау сүйегінде аяқталады. Итте көздікасты тесікгің каудальды
жиегінен басталып, мұрын қырында аяқталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет