238
121 - сурет. Сиырдың артқы аяғының бұлшық еттері: А - артқы жағынан, Б -
латеральды жəне В — медиальды жақтары. Шошқа: Г — латеральды жəне Д —
медиальды жағы
1 — ортаңғы бөксе бұлшық еті, 2 — санның екібасты бұлшық еті, 3 - жартылай
сіңірлі бұлшық ет, 4 — жартылай жарғақты бұлшық ет, 5 - санның жалпақ шандырын
кергіш бұлшық ет, 6 — санның төртбасты бұлшық еті, 7 — асыкты жіліктің алдыңғы
бұлшық еті, 8 — шыбықтың ұзын бұлшық еті, 9 — бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті
жəне үшінші шыбық бұлшық еті, 10 — көлденең байлам, 11 — кұйрықбұлшық еттері, 12
— балтыр бұлшық еттері, 13 — тірсек (Ахилл) сіңірі, 14— бақайдың терең буккіш
бұлшық еті, 15 — бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті, 16 — үшінші бақайдың арнайы
жазғыш бұлшық еті, 17 — төртінші бақайдың арнайы жазғыш бұлшық еті,18 — санды
жақындатқыш бұлшық ет, 19 — ортаңғы бөксе бұлшық еті, 20 — терең бөксе бұлшық еті,
21 — қосарлы бөксе бұлшық еті (шошқаға тəн), 22 — санның шаршы бұлшық еті, 23 —
сымбат бұлшық еті, 24 — ішкі жапқыш бұлшық ет, 25 — үлкен бел бұлшық еті, 26 — кіші
бел бұлшық еті, 27 — мықын бұлшық еті, 28 — тігінші бұлшық еті, 29 — қырлы бұлшық
ет.
Тілерсек буыны (articulatio tarsi) құрылысы күрделі жəне бірбілікті
буын. Тілерсек буынын асықты жілік пен шыбық сүйектің дистальды
бастары, тілерсек сүйектері жəне артқы жіліншіктердің проксимальды
бастары құрайды. Тілерсек буынының бұлшық еттері сирақ аумағында
орналасады, төмендегі тілерсек буынына əсер етеді. Тілерсек буыны бір
білікті болғандықтан, буындағы бір біліктің бойымен жүретін қарама-қарсы:
жазу жəне бүгу қозғалыстарын Қамтамасыз ететін бұлшық еттер топтары
болады.
Достарыңызбен бөлісу: