4.Тігінші бұлшық еті (m. sartorius) санның медиальды бетіндегі ұзынша
келген таспа пішіндес ет. Ол кіші бел бұлшық етінің сіңірі мен мықын сүйек
денесінен басталып, тобықтың медиальды бетіндегі шандырда аяқталады.
Ерекшеліктерь Итге тігінші бұлшық еті санның алдыңғы жиегінен екі
сіңірлі басымен (краниальды жəне каудальды) басталады. Еттің краниальды
басы сербектен басталып, тобық сүйекте, ал каудальды басы мықын сүйектің
қанатынан басталып, асықты жілікте аяқталады.
Қызметі. Тігінші бұлшық еті жамбас-ортан жілік буынын бүгеді жəне
тобық буынын жазуга жəне артқы аяқты тұлғаға жақындатуға қатысады.
5.Қырлы бұлшық ет (m. pectineus) мықыншат дөңесінен басталады.
Үшбұрышты келген ет құрсаға қиғаш бағытталып, орган жіліктің медиальды
бетіндегі кіші ұршықтан сəл төменірек барып аякталады. Тігінші жəне қырлы
бұлшық еттерінің аралықтарымен ірі қан тамырлары болатын сан өзегі өтеді.
236
Қызметі. Қырлы бұлшық ет жамбас-ортан жілік буынын бүгеді.
Сонымен қатар, ол артқы аяқты тұлғаға жақындатады жəне сыртқа қарай
айналдырады.
Аддукторлар: 1. Сымбат бұлшық еті (m. gracilis) санның медиальды
бетінде жатқан жалпақ қалың ет. Ол жамбас жігінен жəне құрсақтың тік
бұлшық еті сіңірінен басталады. Тобық буынының тұсында жалпақ сіңірге
айналып, тобық сүйектің тік байламында, асықты жілік қырында жəне сирақ
шандырында аяқталады.
2. Санды жақындатқыш бұлшық ет (m. adductor femoris) шат сұйектен
жəне жапқыш тесігінің медиальды жəне каудальды жиектерінен басталып,
ортан жіліктің кіші ұршығы мен медиальды айдаршығы аралығында
аяқталатын ет.