В.
И.
Всеволодовтың шəкірті А. О. Стржедзиньский (1823 —1882 ж.ж.) 1852
жылдан бастап анатомия кафедрасын басқарып, 1862 жылы жануарлар
анатомиясы оқулығының бірінші бөлімін жазды. А. С. Измайлов (1833—1901
37
ж.ж.) анатомияны дамытуда көп еңбек сіңірді. Ол Лейзерингтің жылқы малы
анатомиясы мен атласын орыс тіліне аударып, 1879 жылы үй жануарлары
анатомиясы оқулығын жазды.
А. С. Измаиловтың Варшава мал дəрігерлік институтына ауысуына
байланысты кафедраны оқымысты Э. К. Брандт (1839 — 1891 ж.ж.)
басқарды. Ол "Үй сүтқоректілерінің анатомиясы" атты оқулық жазды.
1849 жылы Тарту, 1851 жылы Харьков калаларында жеке мал дəрігерлік
мектептер ашылды. Харьков мектебі 1873 жылдан бастап жоғары оқу орнына
айналды. Дəл осы кезенде Ресейде Казан мен Варшава калаларында да мал
дəрігерлік институттары ашылған болатын.
Жануарлар анатомиясы ілімін дамытуда Ресей мал дəрігерлік анатомдар
мектебінің төл ағасы, Қазан мал дəрігерлік институтының профессоры Л. А.
Третьяковтың (1856—1922 ж.ж.) алатын орны ерекше. Ол А. О.
Стржедзиньский
құрған
анатомия
кафедрасын
дарынды
ғалымдар
дайындайтын орталыққа айналдырды. Осы ғылыми орталықтан өз кезінде
анатомдар мектептерінің негізін салушы ғұлама ғалымдар дəріс алды.
Бұларға Новочеркасск мен Мəскеу мектептерінің негізін қалаушы Д.М.
Автократовты, Мəскеу анатомдарының төл ағасы А. Ф. Климовты, Омск мен
Мəскеу институттарыңда кафедра меңгеріп, үлкен ғалымдар дайындауда ат
салысқан А.И. Акаевскийді жатқызуға болады. Кезінде профессор П.Ф.
Лесгафт негізін қалаған функциональдық анатомияны жаңа мал дəрігерлік
бағытта одан əрі дамытуға сүбелі үлес қосқан ғалымдар есімдерін атап
кетпей болмайды. Олар: А. Ф. Климов, Б.А.Домбров-ский, Л. А. Третьяков/
В.Г. Касьяненко, В.Н. Жеденов т.б. Ал Г.Г.Воккен үй жануарлары
анатомиясын зерттеуде ренттенологиялық əдісті кеңінен қолданды.
Профессор А.Ф. Климовтың (1878 — 1940 ж.ж.) шəкірттері Б.В.
Богородский, П.А. Глаголев, С. В, Иванов, И.А. Спирюхов, С. М.
Смиренский, М. И. Лебедевжэнет.б. тірек-қимыл аппараты мен жүрек-тамыр
жүйесінің салыстырмалы анатомиясын зерттеуде елеулі еңбектер жасады.
С.Н. Боголюбскийдің (Мөскеу) шəкірптері Е.Г. Андреева, Н.Н.
Третьяков, Л.В. Давлетовалар жануарлардың тұқымы мен жасына
байланысты зерттеулер жүргізіп, көптеген морфологиялық заңдылықтар
ашты. Б. К. Гиндце қан тамырлар жəне орталық жүйке жүйесін тексеруде
айтарлықтай еңбек етті. Санкт-Петербург ғалымдары Н. Ф. Богдашев, А. П.
Елисеев, А. А. Акулинин, А- В. Се
геленко, М. А. Соколова, В. М. Малышев
т.б. вегетативтік жүйке жүйесін, М. И. Лебедев вена қан тамырлар жүйесін
зерттеп, жануарлар анатомиясының одан əрі дамуына өз үлестерін қосты.
Қазан анатомдар мектебінің майталман ғалымдары Г. И. Чуловский, Л.
А. Третьяков жəне Н. А. Васнецов, олардың шəкірттері И. С. Квачадзе, М. И.
Краснояров, А. Ф. Рыжих, Ю. X. Миндубаев, В. И. Трошин, Н. В. Михайлов,
Ю. Ф. Юдичев, Н. А. Жеребцов сүтқоректі жануарлардың жүйке жүйесін
салыстырмалы түрде морфофункциональдық жəне эволюциялық тұрғыдан
зерттеді,
38
Киевте В. Г. Касьяненко жəне оның шəкірттері Г. С. Абельянц, М. В.
Волкобой, П. М. Мажуга, С. Ф. Манзий сүтқоректі жануарлар буындарының
салыстырмалы анатомиясын зерттеуде біраз еңбектер жасады.
Тарту морфологы Ю. Т. Техвер үй жануарлары мен аңдардың ас қорыту
мүшелерінің кілегейлі кабықтарын тексеріп, олардың микрорельефтерін
жасады.
Орынбор жəне Одесса институттарында елеулі еңбегімен көзге түскен
ғалым В. Н. Жеденов (1908 — 1962 ж.ж.) жəне ол кісінің шəкірттері С. С.
Бигдан, К. И. Яньшин, Г. М. Удовин, В. П. Лукьянов сүтқоректі
жануарлардың жүрегі мен өкпесін эволюциялық морфология тұрғысынан
тексерді.
Омск институтында анатомия кафедрасын ашып, көптеген белгілі
анатом-ғалымдар даярлаған жəне А. Ф. Климовпен бірге үй жануарлары
анатомиясыньщ негізгі окулығын жазған А.И. Акаевскийдің еңбегін ерекше
атап кеткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: