К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет27/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Анатомияның дамуы. К. Линней (1707 — 1778 ж.ж.) жасаған
жануарлар 
дүниесінің
жаңа

жүйесі
салыстырмалы 


анатомияның
қалыптасуына септігін тигізді. Осы салада ғалым Л. Добонтон мен оның 
шəкірттері жемісті еңбек етті.
Морфология ғылымының қарыштап дамуына Ж.Б. Ламарк (1774-1828 
ж.ж.) жəне Ч. Дарвин (1809 - 1882 ж.ж.) негізін салған "эволюциялық даму
теориясы" мен Т. Шванн (1810-1882 ж.ж.) жəне М. Шлейден (1804-1881 ж.ж.) 
ашқан "жасуша теориясы" үлкен ықпалын тигізді. Осы аталған теориялардың
іргетасынын қалануына орыс ғалымдары М. В. Ломоносовтың, К. Вольфтың, 
М. М. Тереховскийдің, А. А. Каверзневтің, А. Н. Радишевтің, К.М.Бэрдің, П.
Ф. Горяниновтың жəне т. б. еңбектері елеулі үлес қосты. 
Эволюциялык ілімді Ресейде дамытушы ғалымдарға А.О.Ковалевский,
В. О. Ковалевский, М. Ж. Мечников, А.Н.Северцев жатады. Олар өз 
еңбектерімен эволюциялық эмбриология, палеонтология, морфология
негіздерін қалыптастырды. 
Ресейдегі анатомиялық мектептің негізін қалаушы П. А. Загорский —
(1764 — 1846 ж.ж.) орыс тілінде 1802 жылы бірінші жазылған адам 

36
анатомиясы оқулығының авторы. Анатомия ілімін дамытуға орыс ғалымдары 


И. В. Буяльский (1789 — 1866 ж.ж.), "Н.И. Пирогов (1810 - 1881 ж.ж.), П. Ф.


Лесгафт (1837 -1909 ж.ж.), Д. Н. Зернов (1843 - 1917 ж.ж.), В. М. Бехтерев 
(1857 - 1927 ж.ж.) жəне т.б. оқымыстылар қомақты үлес қосты. Н. И. Пирогов
топографиялық анатомияның негізін қалады. 
Жемісті еңбектерімен анатомияны дамытуға үлес қосқан ғалымдарға П.
И. Карузинді, Г. М. Иосифовты, В. П. Воробьевті, В. Н. ШевкуненконыВ. Н. 
Тонковты, М. Ф. Иваницкийді, Д.А.Ждановты т.б. жатқызуға болады.
Бұлардың ішінде лимфа жүйесінің анатомиясын зерттеуде Г. М. Иосифов пен 
Д. А. Жданов еңбектерін атап кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет