К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет351/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқы тоқ ішегі үлкен тоқ ішек (intestinum colon
crassum) жəне кіші төқішек (intestinum colon tenue) болып екіге бөлінеді. 
Үлкен тоқ ішектің пішіні тағаға құсас. Ол құрсақ қуысында орналасқан екі
қатардағы вентральды жəне дорсальды жарты ілмектен тұрады. 

303



149 - сурет. Жуан ішек А — сиыр, Б — шошқа, В — жылқы, Г — ит 
1 - тоқ ішектің диафрагмальды бөлігі, 2 - тоқ ішектің сол бөлігі, 3 - тоқ ішектің оң 
бөлігі, 4 - мықын ішек, 5 - бүйен, 6 - тік ішек, 7- сол вентральды бөлік, 8 — жамбас иілімі,
9 — сол дорсальды бөлік, 10 — вентральды диафрагамальды бөлік, 11 — вентральды 
дорсальды бөлік, 12 — ет таспалар, 13 - қалташалар, 14 — вентральды оң бөлік, 15 -
дорсальды оң бөлік, 16 — кіші тоқішек, 17 — тоқ ішектің орталықтан тепкіш 
(центрифугальды) оралымы, 18 - тоқішектің орталыққа тепкіш (центрипетальды)
оралымы, 19 — орталық иілім, 20 — проксимальды ілмек, 21 — дистальды ілмек, 22 — 
центрифугальды оралым, 23 — центрипетальды оралым, орталық иілім.
Бүйеннің кіші иінінен басталған вентральды жарты ілмек үш бөліктен: 

кұрсақ қуысының оң жағындағы оң вентральды бөлік (colon ventrale


dextrum), вентральды диафрагмальды (көкетпен жанасқан бөлігі) иілім 
(flexura coli diaphragmatica ventralis) жəне сол вентральды (құрсақ
куысының сол жағымен көкеттен артқа қарай жамбас қуысына қарай 
бағытталады) боліктен (colon ventrale sinistrum) құралған. Вентральды жарты
ілмектің қабырғасында төрт қатар ет таспалары жəне төрт қатар қалташалар 
болады. Жамбас куысына кіреберісте сол вентальды бөлік жоғары жамбасқа
қарай иіліп, жамбас иілімін (flexura coli pelvina) жасайды да, дорсальды 
жарты ілмекке өтеді. Дорсальды жарты ілмек тежоғарғы қабатта оз кезегінде
үш: дорсальды сол бөліктен (colon dorsale sinistrum), дорсальды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет