К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет349/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   607
148 — сурет. Ұйқы безі
1 — ұйқы безінің бөлікшесі; а - экзокринді бөлігі; б — эндокринді бөлігі (ұйкы
безінің аралшықтары); 2 — бөлікшелераралық дəнекер ұлпасы; в - вена; г — 
бөлікшелераралық шығару өзегі; д — соңғы бөлімдер (ацинустар, альвеолалар); е —
артерия; ж — вена капиллярлары; з — соңғы бөлім куысындағы ендірме бөлімнің 
жасушалары (ацинусорталығы жасушалары).
Гландулоцит 

цитоплазмасының


базальды 
бөлігінде
гранулалы 
эндоплазмалық тор тығыз жатады. Гольдж кешені мен митохондриялар
жақсы жетілген. Түзілген сөл ұсақ тамшылар түрінде гландулоциттердің 
альвеола куысына қараған апикальды бөлігінде жиналып, зимогенді полюс
— деп аталады. Қабырғасы бір қабат жалпақ эпителийден құралған ендірме 


бөлімдер ұйқы безінің секрет бөлетін соңғы бөлімдерінің қуысына еніп
тұрады. Ендірме бөлімдерден қабырғасы бірқабатты жалпақ эпителийден 
құралған ендірме өзектер басталады. Олар бір-бірімен қосылып, қабырғасы
бірқабатты призма тəрізді эпителийден тұратын бөлікшелераралық 


шығару өзектерін кұрайды. Бұл өзектер бір-бірімен бірігіп, ұйқы безінің он
екі елі ішекке ашылатын негізгі шығару өзегін түзеді. Бөлікшелер ішінде 
альвеолалардың аралықтарында ақшыл боялған эпителий жасушалары
(инсулоциттер) топтасып, пішіні мен мөлшері əр түрлі аралшықтар құрайды. 
Осы аралшықтар жиынтығы ұйқы безінің эндокринді бөлігін жасайды.

Инсулоциттер — қан капиллярлары қабырғаларымен жанаса орналасқан
жасушалар бағандарын түзеді. Аралшықтар қан тамырларымен жоғары 
деңгейде
жабдықталған. 
Инсулоциттер
цитоплазмасында 
барлық
органеллалар жақсы дамыған. Бірақ, экзокринді гландулоциттерге қарағанда 
гранулалы эндоплазмалық тор нашар жетілген.
Аралшық инсулоциттері А-, В-, Д-, Д-
1
жəне РР болып бірнеше түрге 

бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көбі солғын боялған В -жасушалары


аралшықтардың орталығында орналасады. Олардың цитоплазмасында суда 
ерімейтін, спиртте еритін дəншелері болады. В- инсулоциттер қандағы
глюкозаның мөлшерін азайтып, оны бауыр мен бұлшық еттерде қорланатын 
гликогенге айналдыратын инсулин гармонын бөледі. Аралшықтың шеткі
жағындағы А-инсулоциттерінің дəншелері, керісінше, суда ериді. Олар 
гликогенді глюкозаға айналдырып, оның қандағы деңгейін көтеретін

глюкагон гармонын түзеді. Аралшықтардың шетінде орналасқан, саны а'
мөлшері орташа келген Д- жасушаларының гормондары В-, А- жəне
экзокринді 

альвеолалар


гландулоциттердің 
қызметтерін
тəжейді. 
Цитоплазмасындағы дəншелерінің күмістену (аргирофилді) қасиеттері
болатын, саны тым аз Д-, инсулоциттері организмдегі қанның қысымын 
төмендетіп жəне ұйқы безі экзокринді бөлігінің сөл қызметін күшейтетін
гормон бөледі. РР- жасушаларында ұсақ дəншелер болады. Олардың да саны 
аз жəне аралшықтардың шеткі жағанда кездеседі. РР- инсулоциттерінің
гармондары қырын мен ұйқы безі сөлінің бөлінуіне ықпалын тигізеді. 

302





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет