К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет350/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ЖУАН ІШЕК 
Жуан ішек (толстая кишка) — intestinum crassum — азық қорыту
аппаратының артқы бөлімі. Ол бүйеннен, тоқ ішектен жəне артқы тесік 
ануспен аяқталатын, тік ішектен тұрады. Бұл ішектерде аш ішектен келген
азықодан əрі қорытылып, қоректік заттар, су жəне тұздар сіңіріледі. Ал 
қорытылмаған азық қалдығынан нəжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады.
Кейбір жануарлар жуан ішектерінің қабырғаларында етті қабықтың ұзынша 
қабатынан түзілген ет таспалары мен олардың аралықтарында қалташалар
болады.

Бүйен (слепая кишка) — intestinum caecum — жуан ішектің тұйық қалта
тəрізді басталатын бөлігі. Барлық жануарларда ащы ішектің соңғы бөлігі 
мықын ішек бүйен мен тоқ ішектің шекарасына барып ашылып, жуан ішектің
аталған екі бөлігінің шекарасы қызметін атқарады. Тек, жылқы малында ғана 
мықын ішек тікелей бүйенге ашылады.
Ерекшеліктері. Жылқы бүйенінің пішіні үтір тəріздес, көлемі үлкен,
қабырғасында төрт қатар ұзын ет таспалары (taenia) жəне олардың 
аралықтарында төрт қатарда орналасқан қалташалар (haustra) болады. Жуан
келген бүйеннің негізі (basis сесі) жамбас қуысында жатады, ал оның ұзын 


бүйен денесі (corpus сесі) құрсақ қуысының оң жағында бауырға дейін
созылады. Жіңішкерген бүйен төбесі (apex сесі) сол жаққа қарай иіліп, 
семсерше өсінді аумағына қарай бағытталған. Бүйенде үлкен жəне кіші
иіндер болады. 


Сиырда бүйен тегіс қабырғалы, пішіні ұзынша келген, ұзындығы 30-70
см. Ол құрсақ куысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында 
орналасады. Оның артқы ұшы жамбас қуысында, ал алдыңғы шекарасы бел
аумағының орта тұсына дейін созылады. 


Қой мен ешкі бүйенінің құрылысы мен орналасу орындары сиырға
ұқсас.

Шошқа бүйені қысқа, пішіні конус тəрізді болып келеді. Бүйеннің
қабырғасында үш қатар ет таспалары мен қалташалары болады. Бүйеннің 
алдыңғы жағы оң бүйректің артқы бетімен жанасады, ал төбесі каудальды
жəне оң жаққа қарай бағытталған. 


Ит бүйенінің ұзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйен
денесінде 2-3 иілім болады. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында, бел 
омыртқалардың орта тұсында орналасады.

Тоқ ішек (ободочная кишка) — intestinum colon — жуан ішектің
ортаңғы бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қөректену сипатына 
байланысты. Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппен қоректенетін
жануарларда ұзын болып келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет