К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет452/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

4. Алдыңғы кабырғааралық артерия (передняя межреберная артерия)
— a. intercostalis cranialis — 2-4 (5) қабырғалараралық артериялардың жалпы 
артерия бағаны.

Ерекшеліктері. Жылқыда алдыңғы қабырғааралық артерия дорсальды
жауырын артериясынан ажырайды.


Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошкада ол қабырға-мойын
бағанынан бірінші болып ажырап, өз кезегінде бірінші үш қабырғаның 
қабырғалараралық артерияларына тарамдалады.

Итте алдыңғы қабырғааралық артерия бұғанаасты артериядан
дорсальды жауырын жəне терең мойын артерияларымен бірге жалпы артерия 
бағаны болып бөлінеді.
Əрбір қабырғааралық артерия өз кезегінде үш артерия тармақгарына 
ажырайды. Оның дорсальды тармағы (ramus dorsalis) омыртқа бағанының
дорсальды бұлшық еттерін, жұлындық тармағы (r. spinalis) омыртка 
өзегінің ішіндегі жұлынды, вентральды тармағы (r. ventralis) қабырғааралық
бұлшық еттерді артерия қанымен қамтамасыз етеді. 


5. Беткей мойын артериясы (поверхностная шейная артерия) — a.
cervicalis 
superficialis

бірінші қабырғаның тұсында бұғанаасты 

артериясынан басталады. Беткей мойын артериясы өз кезегінде төмендегідей


тармақтарға ажырайды: 


1) өрлеме мойын артериясы (a. cervicalis ascendens) беткей мойын
артериясынан иық буынының тұсында ажырайды. Одан соң ол кеңірдектің 
төменгі жағындағы бұлшық еттерге бағытталып, аталған аумақгағы бұлшық
еттерді артерия қанымен қамтамасыз етеді; 


2) төмендеген тармақ (r. descendens) латеральды кеуде сайында
орналасады. Бұл тармақтан: а) жауырыналды артерия (a. prescapularis) 
бөлініп, жауырыналды жəне жауырын аумақтарындағы беткей шыққан
бұлшық еттер мен теріні қоректендіреді; ə) акромион тармағы (r. acromialis) 
шошқа мен итте жақсы жетілген. Бүл артерия тармағы қыралды жəне
қырарты бұлшық еттер мен вентральды тісті бүлшық еттің мойын бөлігін 
қанмен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет