К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет468/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Краниальды құрсақ артериясы үй жануарларының
ішінде тек ит пен шошқада ғана кездеседі. 


3. Бел артериялары (поясничные артерии) — аа. lumbales — кұрсақ
қолқасының жоғарғы жағынан, жануарлардың бел омыртқаларының санына 
сəйкес 5-7 жұп болып бөлінеді. Бел артерияларының соңғы жұбы құрсақ
қолқасынан артқы аяқтарға сыртқы мықын артериялары бөлінгеннен кейін 
ажырайды. Омыртқалықжəне қабырғааралық артериялар сияқты дорсальды,
жұлындық жəне вентральды артерия тармақтарына тарамдалады. 1) 
дорсальды тармақтар (rr. dorsales) дененің бел аумағының жазғыш
(дорсальды) бұлшық еттерін, жұлындық тармақтар (rr. spinales) — жұлын 
қабықтарын, ал вентральды тармақтар (rr. ventrales) белдің вентральды
бұлшық еттерін тамырландырады. 


Ерекшеліктері. Жылкыда вентральды артерия тармақтары құрсақ
бұлшық еттерін де тамырландырады. 


Күйіс кайтаратын жануарларда бел артерияларынан бүйрекүсті безі
(г. suprarenalis) мен көкетке (r. рһгепісі) қосымша артерия тармақтары 
ажырайды.

Шошқада көкетке артерия тармағы бөлінеді.

Ерекшеліктері. Жылқыда бұлардан басқа құрсақ бұлшықеттеріне
арналған тармақтар бөлінеді. 


4. Айналмалы терең мықын артериясы (окружная глубокая
подвздошная артерия) — a. circumflexa ilium profunda — бел жəне құрсақ 
бұлшык еттерін тамырландыратын жұп қан тамыры.

Ерекшеліктері. Айналмалы терең мықын артериясы иттен басқа ұй
жануарларында сыртқы мықын артериясынан ажырайды. Ал итте аталмыш 
артерия құрсақ қолқасынан соңғы бел омыртқалардың тұсында бөлінеді.

401



ҚҰРСАҚ ҚОЛҚАСЫНЫҢ ВИСЦЕРАЛЬДЫ АРТЕРИЯ


ТАРМАҚТАРЫ 

1. Іш артериясы (чревная артерия) — a. celiaca — соңғы көкірек немесе
бірінші бел омыртқаларының тұсынан, құрсақ қолқасының вентральды 
жағынан бөлінетін ірі тақ артерия. Іш артериясы құрсақ қолқасынан
ажырағаннан соң, өз кезегінде үш артерияға: 1) көкбауыр артериясына, 2) сол 
қарын артериясына жəне 3) бауыр артериясына тарамдалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет