59
Біліктік жіп (аксонема) жасушалар кірпікшелері мен талшықтарының
негізін құрайды. Аксонема да іші қуыс түтікше құрылым. Оның қабырғасын
екі-екіден топтаса орналасқан 9 жұп (дублет) шеткі микротүтікшелер
құрайды. Ал қуысында 2 орталық микротүтікшелер орналасады. Біліктік жіп
сыртынан плазмолеммамен қалталған.
Микрожіпшелер — жуандығы 10 нм жіпшелер шоғыры. Олар
микротүтікшелермен қатар жасушадағы тіректік қызмет атқаратын белоктық
құрылым. Əр
бір ұлпалардың микрожіпшелері, олардың өздеріне тəн
белоктарынан түзілген. Эпителиоциттер тонофибриллалары — кератин,
фибробласттар микрожіпшелері — виметин, миоциттер мен ет талшықтары
миофибриллалары — десмин жəне скелетин белоктарынан құралған.
Микрофиламенттер — жиырылғыш белоктар — актиннен, миозиннен,
трипомиозиннен түзілген жуандығы 5-7 нм жіпше шоғырлар. Олар
жасушалардың цитоқаңқасын жасаумен қатар,
олардың қимыл-қозгалысын
қамтамасыз етеұлпа жиырылғыш аппарат. Микрофиламенттер жасуша
цитоплазмасының шеткі жағында, плазмолемманың астында орналасады.
Олар
қозғалатын жасушаларда, мысалы, лейкоциттер жалған аяқтарында,
фибробласттар өсінділерінде, ішек бүрлері жасушаларында жақсы дамыған.
Қосындылар — жасушаның тұрақсыз құрылымдары. Оларға қоректік
(трофикалық),
секреторлық, экскреторлық жəне пигменттік (бояғыш) заттар
жатады. Қосындылардың жасушадағы мөлшері зат алмасу процесіне тікелей
байланысты. Трофикалық қосындыларға жасуша гиалоплазмасындағы
бейтарап
май тамшылары, күрделі көмірсулар (жануарлардағы гликоген),
белок
түйіршіктері
(жұмыртка
жасушасындағы
вителлин)
жатады.
Секреторлық
қосындылар
—
жасуша
цитоплазмасынан
бөлінеұлпа
биологиялық белсенді заттар. Олар жасуша тіршілігіне байланысты
түзілеұлпа сел құрамындағы əр түрлі ферменттер. Экскреторлық қосындылар
— жасушадағы зат алмасуға (жасуша метаболизміне) байланысты түзіліп,
сыртқа шығарылуға тиісті ыдырау өнімдері. Пигменттік қосындылар —
бояғыш заттар. Оларға каротин,
гемоглобин, гемосидерин, билирубин,
меланин, липофусцин пигменттері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: