баулары немесе жұмсақ баулар — деп атайды. Бұлар лимфа түйініндегі
бозғылтша бауларға сəйкес келеді. Жұмсақ бауларда плазмоциттер
толықжетіліп, моноциттерден макрофатар дамиды. Көкбауыр бауларының
аралықтарында қызыл жұмсақтың екінші бөлігі қанға толған вена
қойнаулары орналасады.
Көкбауырдағы қанайналым. Көкбауырды артерия қанымен көкбауыр
артериясы қамтамасыз етеді. Ол көкбауырға қақпа арқылы еніп, перделік
артерияларына тарамдалады. Олар перделіктер боймен көкбауыр ішіне
таралып, жұмсақтық артерияларына тарамдады. Олардан лимфа түйіншелері
арқылы өтетін орталық артериялар таралады. Орталық артериялар лимфа
түйіншелерінен шыққан бойда бірнеше тармақтарға бөлініп, шашақты
артериолаларға, олар өз кезегінде сопақша артериолаларға (гильзалар)
тарамдалады.
Бұлардың
эндотелиоцитері цитоплазмасында жиырылу
қызметін атқаратын микрофиламенттер болады. Сондықтан, сопақша
артериолалар қанның ағысып реттеп отыратын қысқыштың (сфинктердің)
қызметін атқарады. Сопақша артериолалар-вена қойнауларына ашылатын
қан капиллярларына тарамдалады. Бұлар қан капиллярларының түйықталған
түрі. Кейбір қан капиллярлары іікелей ретикулалы үлпаға барып ашылады.
Бүларды капиллярлардың түйықталмаған ашық түрі — деп атайды. Вена
қойнауларының
диаметрі
12-40
мкм.
Қабырғасын
астарлайтын
эңдотелиоциттер үзілмелі негіздік жарғақта орналасады. Бірақ, перициттер
болмайды. Вена қойнауларынан қан веналарға жиналып, олар бір-бірімен
қосылып, перделік веналарға айналады. Перделік веналардың қабырғасында
ет қабығы болмайды, ол тек эндотелийден тұрады. Перделік веналар
перделіктермен қақпаға қарай бағытталып, өз кезегінде бір-бірімен бірігіп,
көкбауыр венасын түзеді. Көкбауыр венасы қақпа арқылы вена қанын алып
шығып, қақпалық венаға қосылады.
Қан жасау жəне иммундық қорғаныс мүшелері бойынша қайталау сұрақтары:
І.Қан жасау жəне иммундық қорғаныс мүшелерінің жалпы сипаттамасы.
456
2.Сүйектің қызыл кемігі майының жануарлар организмдеріндегі орны, маңызы жəне
құрылысы.
З.Айырша бездің организмдегі орналасу орны, құрылысы жəне маңызы.
4.Құс клоака қапшығының орналасу орны, құрылысы жəне маңызы.
5.Көкбауырдың орналасу орны, құрылысы жəне маңызы.
б.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды
жаттаңыз.