452
лимфоциттері бар акшыл түсті орталық аймағын бозғылт зат — деп атайды.
Бөлікшелерді торлы-эпителиоциттер құрайды. Олардың қыртысты затының
шеткі аймағындағы торлы-эпителиоциттер аралығында сүйектің кызыл кемігі
майынан қан арқылы коныс аударған ізашар лимфоциттер бастамаларынан
жетілген ірі лимфобласттар орналасады. Торлы эпителиоциттер мен
макрофагтар бөлетін тимозин гормонының əсерінен лимфобласттар
антигенге тəуелді көбейіп, иммундыхабардар Т — лимфоциттерге айналады.
Бірақ, лимфобласттардың барлығы аталған
лимфоциттерге дейін толық
жетіле алмай, көпшілігі ыдырап кетеді. Олардың қалдықтарын макрофагтар
қармап жояды. Тек, плазмолеммаларында бөгде антигендерді сезетін
рецепторлары бар Т — лимфоциттердің 5% -ы ғана қыртысты заттың ішкі
аймағынан қанға өтіп, қан аркылы лимфа түйіндерінің, көкбауырдың, лимфо-
эпителиальды құрылымдардың Т —
лимфоциттер аймағына барып
қоныстанып, лимфоциттер плазмолеммасы беткей рецепторларына жəне
антигендерге сəйкес көбейіп маманданып, Т — киллерлерге (жасушалық
иммунитетке жауапты цитотоксикалық Т — лимфоциттер), Т — хелперлерге
(В — лимфоциттердің жұмысын кұшейткіш) жəне Т — супрессорларға (В —
лимфоцитер жұмысын баяулатқыш) айналады. Қыртысты зат жасушалары
қанмен келетін антигендерден гемато-тимусты тосқауылмен оқшауланган.
Бұл тосқауыл көбейіп мамандана жетіліп жатқан лимфоциттерді артық
жағымсыз антигендерден қорғайды.
Бөлікшелердің бозғылт затында лимфоциттердің саны аз, митозбен
бөліну белсенділігі əлдеқайда темен болады. Бозғылт затының орта тұсында
жалпақ торлы-эпителиоцитерден құралған тимус (Гассаль) денешіктері
орналасады. Денешіктер эпителиоциттерінің цитоплазмасында кератин
дəншелері мен жіпшелері болады. Тимус
денешіктерінің мөлшері
жануарлардың жасына байланысты ұлғаяды.
Бөлікшелердің аралықтарындағы дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы
қоректендіргіш қан жəне лимфа тамырлары мен тимустың жұмысын
реттейтін жұйкелер өтеді. Жануарлардың жыныстық жетілуіне дейін айырша
без жақсы өсіп жетіледі. Олардың жасы ұлғайып есейген сайын,
тимустың
мөлшері өзгеріп, біртіндеп май ұлпасына айналып кетеді. Оның жедел
(аксидентальды) ыдырауына жарақаттану, улану, əр түрлі аурулар, ашығу,
бүйрекүсті безінің глюкокортикоидты гормонының қандағы көбеюі т.б.
факторлар əсер етеді.
Тимуста Т — лимфоциттер түзіледі, лимфоциттердің сұрыпталуы мен
жетілуін реттейтін тимозин гормоны жəне
биологиялық белсенді заттар
(инсулин тəрізді фактор, кальцитонин тəрізді фактор қандағы кальцийдің
концентрациясын азайтады, өсу факторы) бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: