К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Иіс миы (rhinencephalon) соңғы мидың төменгі бетінде орналасады. Ол иіс баданасынан



бет559/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Иіс миы (rhinencephalon) соңғы мидың төменгі бетінде орналасады. Ол

иіс баданасынан — bulbus olfactonus (сұр заттан тұрады, біріншілік иіс
орталығы), латеральды жене медиальды иіс жолдарынан — tractus 
olfactorius lateralis et medialis (өткізгіш жолдар), иіс үшбұрышынан, алмұртша
бөліктен құралған. Иіс үшбұрышы (trigonum olfactorium) мен алмұртша 


бөлік (lobus piriformis) сұр заттан тұрады. Бұлар екіншілік иіс орталығының
қызметін атқарады. Өткізгіш жолдар ретінде жүйке талшыктарынан құралған 
латеральды жəне медиальды иіс жолдары сұр заттан тұратын латеральды


475
жəне медиальды иіс қатпарларын (gyrus olfactorius lateralis et medialis) 


сыртынан қаптай, біріншілік иіс орталығы иіс баданасын, екіншілік иіс


орталықтары иіс үшбұрышымен жəне алмұртша бөліклен байланыстырады. 
Иіс үшбұрышы латеральды жəне медиальды иіс жолдарының арасында
жатады. Латеральды иіс жолы алмұртша бөлікке, ал медиальды иіс жолы жол 
бойы иісмаңы алаңын (area parolfactoria) жасап, ми жабынының медиальды
бетіне өтеді. Латеральды жəне медиальды иіс жолдары қабылданған 
тітіркеністі иіс баданаларындағы біріншілік иіс орталықгарынан, иіс
қатпарларына, иіс үшбұрыштарына, иісмаңы алаңдарына, алмұртша 
бөліктердің сұр затындағы екіншілік иіс орталықгарына, одан əрі аралық ми
гипоталамусына жəне ортаңғы миға өткізеді. Алмұртша бөліктің ішіндегі 
қуысы — бүйірлік ми қарыншасының артқы жалғасы. Алмұртша бөліктің
ішкі қабырғасында аммон мүйізінің ұшы аяқталады. Алмұртша бөлікті арткы 
жəне ішкі жақтарынан гиппокамп саңылауы (fissura hippocampi) шектейді.

Гиппокамп (hippocampus) гаппокамп саңылауы мен алмұртша бөлік
аумағындағы ми қыртысының қатпары. Гиппокамптың жоғарғы беті 
жолақты дененің құйрықгы ядросынан кейінгі бүйірлік ми қарыншасының
түбін құрайды жəне ол құйрықгы ядродан бүйірлік қарыншаның тамырлы 
ерімі арқылы бөлінген. Гиппокамп ми қыртысының қатпары ретінде, төменгі
бағытта сыртқы жəне артқа карай орақ тəрізді иіліп, алмұртша бөлікпен 
жалғасып кетеді. Ал оның көру төмпегінен жоғары жатқан алдыңғы ұшы —


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет